Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" ШЖҚ РМК
"ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" АЖ
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау маркаларына жапсырылған штрих-кодпен және есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын жалғауды жүзеге асырумен есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күнен бастап 3 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде pbf.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. pbf.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Ақпараттық жүйе арқылы Қағиданың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес алкоголь өніміне ЕБМ жасауға арналған өтінімдер – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей.
  2. Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі.
  3. Қағиданың 6, 7 немесе 8, 9-қосымшаларға сәйкес ЕБМ алуға арналған өтініш – ақпараттық жүйе арқылы алкоголь өніміне ЕБМ алу мақсатында.

импорттау кезінде:

  1. Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндеттемені.
  2. Міндеттеменің орындалуын растайтын құжатты (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлікті кепілге қою шарты) қосымша ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ беру.