Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру үшін лицензиялық алым:
брокерлік қызметпен 30  АЕК;
дилерлік қызметпен - 30  АЕК;
инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен - 30  АЕК;
кастодиандық қызметпен - 30  АЕК;
трансфер-агенттік қызметпен - 10  АЕК;
бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметпен - 10 АЕК;
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметімен - 40 АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым  тиісті мөлшерлеменің 10  пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым  тиісті мөлшерлеменің 100  пайызын құрайды.

 

 

Қызмет көрсету мерзімі

лицензия берген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеген кезде - 3  жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде - 30  жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2  жұмыс күні ішінде.

 

Қызметтің толық атауы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.