Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық қорытындылар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 30 жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 15 жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 15 жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 7 жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық қорытындылар беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.