Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

Дәрігердің қабылдауына барғанда, порталға жүгінген кезде - кемінде 30 минуттан аспайды

Үйге шақыру кезінде, жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттк көрсетілетін қызмет жүгінген күні көрсетіледі.

Қызметтің толық атауы
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

Қызметті онлайн алу:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Тікелей жүгінген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

Қызмет көрсету нәтижесі

1. МСАК ұйымдарына тікелей жүгінген кезде, учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және МСАК ұйымының мөрімен расталған "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 027/е нысаны бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама.
2. ЭҮП жүгінген кезде - МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында.
3. Дәлелді бас тарту.