Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
Қызмет құны

ұшақ үшін – 10 000 АЕК;

тікұшақ үшін – 5 000 АЕК;

басқа ұшу аппараттары үшін – 1 000 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Азаматтық әуе кемесі үлгісінің сертификатын беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
  3. Формулярлар.
  4. Материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері).
  5. Отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары.
  6. Үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан).
  7. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдалануда сынау нәтижелері.
  8. Схемалары, жүйелері, негізгі сипаттамалары, үлгі сертификатталатын диапазонда күтілетін пайдалану шарттары мен шектеулерінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы үлгіге қолданылатын ұшуға жарамдылығы нормалары тарауларының, бөлімдері мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тізбесі қысқаша сипатталатын техникалық құжаттама.
  9. Азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Әуе кеменің үлгі сертификатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.