Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны
Көмірсутектер саласындағы қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензияны беру кезінде лицензиялық алым мынадай кіші қызмет түрлері үшін 100 АЕК тұрады:
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
- теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;
- мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану;
- көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау;
- көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау;
- магистральдық құбыржолдарды пайдалану;
Көрсетілген қызметтің кіші түрлеріне лицензияларды қайта ресімдегені үшін (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде) – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 8 %-ын құрайды.
Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемесі (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде) – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 80 %-ын құрайды.
Қызмет көрсету мерзімі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлға-лицензиат бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда берген кезде – 15 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензия және заңды тұлға бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда – 2 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.