ЖИ саласындағы жобалар

 

Мүгедектігі cырттай белгілеу

 

Халық үшін пайдасы: жобаны іске қосу мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздерінің еңбекке жарамсыздығын дәлелдеу қажет еместігін қамтамасыз етеді, біржолғы растау жеткілікті. Бұрын оларға жыл сайын өзінің мүгедектігін растауға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер алу үшін бірқатар медициналық тексеруден өтуге тура келді.

Мемлекет үшін әсері: енді осы жобаны іске қосу арқылы мүгедектікті белгілеу автоматты түрде емханалардан ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат беру арқылы өтеді. Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысының азаюына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айтарлықтай төмендейді.

 

«Баланың тууы" проактивті қызметі

 

Баланың тууы бойынша проактивті қызмет сәтті іске қосылды,ол баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақшаға кезекке қою, туу және күту бойынша жәрдемақы тағайындау, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімдерін біріктіреді.

Халық үшін пайдасы: бұрын баланың туу туралы куәлігін алу үшін түрлі мамандандырылған орталықтарға баруға тура келетін. Енді жаңа босанған ана автоматты түрде СМС-хабарлама алады, тиісінше, оған жауап беріп, ол бір қызметтің 4 құрамдас бөлігін алады. Қызмет Telegram қосымшасы арқылы @EgovKzBot арқылы да қолжетімді.

Мемлекет үшін әсері: проактивті қызмет көрсетуді енгізу халыққа қызмет көрсету мерзімін 2 жұмыс күніне дейін, ал қағаздағы құжат айналымын 300 мың құжатқа қысқартуға мүмкіндік берді.

 

«Виртуалды консультант»

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін қызметтерді алу бойынша азаматтарға консультация беру үшін онлайн-сервис іске қосылды. Енді пайдаланушылардың өтініштерін қабылдау және жауаптар қазақ және орыс тілдерінде 24/7 онлайн режимінде өңделеді. Сондай-ақ, консультацияны мессенджерлер (Telegram, Facebook) және Enbek.kz порталындағы виджет арқылы қашықтықта алуға болады.

Халық үшін пайдасы: азаматтар енді мемлекеттік мекемеге барып, өз сұрақтарына жауап алу үшін кезекте тұрмайды. Виртуалды консультант 5 мың өтінішке консультация бере отырып, ҚР ЕХӘҚМ көрсететін 17 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетеді. Онлайн консультация пайдаланушылар мен министрлік персоналының уақытын үнемдеуге көмектеседі.

 

ҮД саласындағы жобалар

 

«е–Халык»

 

ЕХӘҚМ "е–Халық" ақпараттық жүйесін енгізді, ол отбасы құрамы, оның әл-ауқаты, отбасының мекенжайы, тұрғын үй жағдайы, жеке қосалқы шаруашылық туралы мәліметтерді есепке алуға арналған. Бұл деректер әлеуметтік көмек кімге және қандай көлемде қажет екендігін анықтауға және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

 

Халық үшін пайдасы:

Бұрын азаматтардың өтініштерін қабылдауға көп уақыт кететін және ол түрлі құжаттарды жинаумен, тұрғын үй тұрмыстық жағдайды тексеру актілерін жасаумен және оларды аудан орталықтарына ұсынумен күрделенетін. Енді азаматқа жеке куәлігінің болуы жеткілікті, қалған мәліметтер "е-Халық" АЖ-ға автоматты түрде мемлекеттік органдардың деректер қорымен интеграциялау арқылы түседі.

Мемлекет үшін әсері:

"е–Халық" АЖ-ны пайдалану ЖАО мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысын неғұрлым ашық етеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Enbek.kz

 

Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша цифрлық алаң іске қосылды, онда ізденушілер, жұмыс берушілер, жеке жұмыспен қамту агенттіктері, онлайн интернет-алаңдар және БАҚ біріктіріледі. Enbek.kz – бұл жұмысқа орналасу және лайықты кадрларды іздеуге арналған электрондық портал.

Халық үшін пайдасы: егер бұрын ізденуші жұмыспен қамту орталығына барса, көп қағаз толтырып, ұзақ уақыт жауап күтсе, қазір мұның барлығы онлайн қолжетімді. Ізденушілер онлайн режимінде өз түйіндемелерін орналастыра алады, ал жұмыс берушілер ағымдағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялай алады. Осылайша, жұмысты немесе жаңа қызметкерді табу оңай және жылдамырақ болады. Жұмысқа орналасу үшін қалған алаңдардан өзгеше, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы өңірлерде жұмыс іздеуге баса назар аударады. Осылайша, азаматтарға елдің кез келген нүктесінде оларға лайықты жұмыс табу мүмкіндігі беріледі.

Мемлекет үшін әсері: Электрондық еңбек биржасын іске қосу нәтижесінде жұмысқа орналасу үдерісі екі есе қысқарып, процедураның өзі ашық болды. Қазіргі уақытта биржада 98 мыңнан астам жұмыс беруші және 486 мыңға жуық жұмыс іздеуші тіркелген. 2018 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 533 мыңнан астам ізденуші жұмысқа орналастырылды, оның 409 мыңы тұрақты жұмыс орындарына. Жұмысқа орналастыру үдерісі 2 есеге қысқарып, жұмысқа орналастыру саны 18% - ға артты. Іске асырылып жатқан шаралардан шамамен алынған экономикалық тиімділік 2018 жылы 1,8 млрд. теңгені құрады. Осындай ауқымды жобаны енгізу елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі

 

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі еңбекшілердің құқықтарын қорғау және жұмысқа орналасу кезінде қағаздағы еңбек кітапшалары мен басқа да құжаттардан бас тарту үшін құрылған. Диплом, түйіндеме, қызметкерлердің еңбек тарихы, сондай-ақ түрлі анықтамалар Бірыңғай базада болады. Бұдан басқа, жүйе заңсыз жұмыс беруші еңбек шарттарын жасамай қызметкерлердің еңбегін пайдаланған кезде бейресми жұмыспен қамтуды қысқартуға көмектеседі.

Мемлекет үшін әсері: Жұмысқа орналасу ашықтығы артады, сондай-ақ еңбек кітапшаларымен алыпсатарлық мүмкіндігі жойылады.