Қадағалау және бақылау органдары

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттік орган ретінде Республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Конституциялық Кеңес жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды және дауыстар тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:

  • дау туған жағдайда Республика Президентiнің сайлауын, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум дұрыстығы туралы мәселенi шешедi;
  • Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды;
  • Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
  • Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
  • Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
  • Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.

Бұдан басқа, Конституциялық Кеңес:

  • Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтініштерін, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында көзделген жағдайларда соттардың өтініштерін Конституцияның 72-бабының 2-тармағына сәйкес қарайды;
  • Конституцияның 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргізу практикасын қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жібереді.

Төраға - Мәми Қайрат Әбдіразақұлы 

Байланыстары
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39-ғимарат
Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 74-76-30
Кеңсе: 8 (7172) 74-76-53
Кадр қызметі: 8 (7172) 74-76-35
Азаматтардың өтініші бойынша: 8 (7172) 74-76-23
Ресми сайт: ksrk.gov.kz/kk
E-mail: okr@ksrk.gov.kz

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Прокуратура - орталықтандырылған және басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беретін біртұтас жүйе. Прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін Бас прокуратура, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралар (Республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары), аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар (әскери, табиғат қорғау, көлік, арнайы объектілердің прокуратуралары) құрайды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Бас Прокурор басқарады, оны Парламент Сенатының келісімімен бес жыл мерзiмiне Қазақастан Республикасы Президенті тағайындайды.

Бас Прокуроры - Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы​


Байланыстары
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 14 кіреберіс
Телефон: 8 (7172) 71-28-68
Сенім телефоны: 8 (7172) 71-26-20
Call-центр: 115
Ресми сайт: prokuror.gov.kz/kaz
facebook.com/GenProkRK
twitter.com/genprokRK
telegram/https://t.me/GenPr

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

Есеп комитетінің миссиясы Қазақстан Республикасында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қаржы тәртібін нығайту, мемлекет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін  пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

Есеп комитетінің міндеттері – халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру.

Есеп комитетiнiң құрылымын Есеп комитетiнiң Төрағасы, Есеп комитетiнiң мүшелерi мен аппараты құрайды.

Төрағасы -  Годунова Наталья Николаевна

Байланыстары
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 10
Кеңсе: 8 (7172)70-69-45, 8 (7172) 70-70-63, 8 (7172) 70-70-62, 8 (7172)70-69-84
Сенім телефоны: 8 (7172) 70-70-51
Ресми сайт: www.gov.kz/memleket/entities/esep
E-mail: esep01@esep.gov.kzint.rel@esep.gov.kz (халықаралық хат алмасу үшін) 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.

Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

Жоғарғы Сотта сот алқалары және мамандандырылған құрамдар құрылады.

Мыналар:

  • жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар;
  • азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
  • қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
  • мамандандырылған сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.

Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.

Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды.

Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз органы құрылады.

Жоғарғы Соттың жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.

Төрағасы - Асанов Жақып Қажманович

Байланыстары

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Д.Қонаев көшесі, 39-ғим.

Телефон: 8 (7172) 710000, 1401 (call center)

Ресми сайт: www.sud.gov.kz

E-mail: pressa@sud.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі  Қазақстан Республикасының Президенті  құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің  миссиясы Президенттің қызметін  ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

 

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

  1.  Президенттің мына салалардағы:
  • сыртқы саясаты;               
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты.
  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының  (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының,  Жоғары Сот Кеңесінің және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын  өзге де міндеттер болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы - Қошанов Ерлан Жақанұлы

Байланыстары

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 6, Үкімет үйі
Жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі үшін: 8 (7172) 74-55-24
Қызметтік хат-хабар бойынша: 8 (7172) 74-51-94
Ресми сайт: www.akorda.kz/

Қазақстан Республикасы Президентінің виртуалды қабылдау бөлмесі: www.vqb.gov.kz/kk

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бағалауды және мемлекеттік бақылау жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары болады. Агенттіктің қарамағында 2 ұйым:

  1. «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы.
  2. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Агенттіктің миссиясы: мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

Агенттіктің негізгі міндеттері:

  • мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

  • мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселелеріндегі қызметін үйлестіру.

Төрағасы - Жаилғанова Анар Нұралықызы ​

Байланыстары

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы, 33а

Телефон: 8 (7172) 75-30-50
Кеңсе: 8 (7172) 75-34-35, 75-34-19
E-mail: adgsipk@kyzmet.gov.kz

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және оның алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның үш орынбасары, оның ішінде бірінші орынбасары Төраға ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

Агенттiктiң облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада аумақтық органдары бар.

Төрағасы - Ахметжанов Марат Мұратұлы

Байланыстары

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Сейфуллин к-сі, 37
Кеңсе: 8 (7172) 90-90-86, 90-91-29
Кеңсе факс: 8 (7172) 90-91-73
Call center: 1424
Кезекші бөлім: 8 (7172) 90-92-60
E-mail: anticorruption@nab.gov.kz
Telegramm: ANTIKOR News

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес ҚРҰБ құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры ретінде айқындалды.

Агенттіктің міндеттері:

1) қаржы нарығын реттеу және дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;

2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мониторингтеу;

3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшырайтын салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың, қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы тұтынушылар үшін ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халық үшін қаржылық сауаттылық пен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыру;

5) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.

Төрағасы - Әбілқасымова Мадина Ерасылқызы 

Байланыстары

А15С9Т5, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй
Телефоны: 8 727 2619 200
Факс: 8 727 2440 282

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттіктің миссиясы: бәсекелестікті қорғау және дамыту, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу арқылы нарық субъектілері үшін тең жағдайлар жасау.

Міндеттері:

  1. нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  2. адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
  3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
  4. экономикалық шоғырлануды реттеу;
  5. бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру.

Төраға - Жұманғарин Серік Мақашұлы

Байланыстары

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел 8 даңғылы, Министрліктер үйі, 1 кіре беріс
Телефон: 8 (7172) 749664
Кеңсе: 8 (7172) 743401
Баспасөз қызметі: 8 (7172) 743833
Ресми сайт: www.gov.kz/memleket/entities/zk

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығы. Агенттік стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистика салаларына және реформалар жүргізуге жетекшілік етеді.

Агенттіктің мақсаты – мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді реформаларды дайындау.

Агенттік стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты даярлайды, дамудың стратегиялық жоспарларының жүзеге асуын бағалап, мониторинг жүргізеді, мемлекеттік басқарудағы жаңа жүйені әзірлеуге жауапты негізгі орталық қызметін атқарады.

Құрамындағы Ұлттық статистика бюросы арқылы Агенттік статистика саласындағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және жүзеге асыру функцияларына ие.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.

Төраға - Келімбетов Қайрат Нематұлы

Байланыстары

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/21
Кеңсе: 8 (7172) 61-37-62, 8 (7172) 64-74-13
Баспасөз қызметі: 8 (7172) 64-73-43
E-mail: info@aspire.gov.kzpress@aspire.gov.kz (баспасөз қызметі)
Ресми сайт: www.gov.kz/memleket/entities/aspr
 

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында өз құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында өз құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомство болып табылады.

Төраға - Элиманов Жанат Қалдыбекұлы

Байланыстары

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, кіреберіс №1
Кеңсе: 8 (7172) 32 20 87, 32 13 04
Сенім телефоны: 8 (7172) 70-84-78
Баспасөз қызметі: 8 (7172) 64-73-43
E-mail: info@kfm.kzpress.kfm@minfin.gov.kz (баспасөз қызметі)
Ресми сайт: www.gov.kz/memleket/entities/kfm

Cоңғы өзгеріс: 07.06.2021