ЭЦҚ қайта шығару

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бір жыл мерзімге беріледі. ЭЦҚ қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін жарамсыз болып есептеледі және сәйкесінше сіз қандай да бір қызметтерді ала алмайсыз.

Сіз өз ЭЦҚ оның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық куәландыру орталығының (ҚР ҰКО) сайтында ұзарта аласыз.

ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі – 1 жыл тек файлдық жүйеге таратылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасымалдаушыларға жүргізілсе (Жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) онда әрекет ету мерзімі 3 жыл болады.

 

Cоңғы өзгеріс: 11.11.2019