Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау - 1 жұмыс күні;

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру - 3 жұмыс күні;

Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай – ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, жоғары білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру - 5 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Прием документов и зачисление в высшие учебные заведения для обучения по образовательным программам высшего образования

Жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

I - Жоғары оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды қабылдау

II - Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру 

III - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну

 

Қызмет көрсету нәтижесі

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ БЕРУШІГЕ ЖӘНЕ Мемлекеттік органға ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:

1) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық болып табылады;

2) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама, немесе дәлелді бас тарту;

3) Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

ПОРТАЛҒА ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:

1) "Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету туралы хабарлама (ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап);

2) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама, немесе дәлелді бас тарту.