Аймақтарды дамыту бағдарламасы – 2020» бағыттары шеңберінде І және ІІІ топ азаматтарынан баспана алу үшін өтініш және құжаттарды қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызметтің толық атауы
Аймақтарды дамыту бағдарламасы – 2020 бағаттары шеңберінде I және III топ азаматтарынан баспана алу үшін өтініш және құжаттарды қабылдау

Қызметті онлайн қалай алады

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінішті толтыру және өтінішке ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) қою.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өтінішті қарау нәтижелерімен танысу.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда қызмет көрсетуге қажет құжаттардың электронды көшірмелерінің тізімі (қажетті құжаттар):

  1. Неке қию (неке бұзу) туралы, зайыбының өлімі туралы, балалардың туу туралы, өтініш беруші некеге тұрмағаны туралы куәлік;
  2. Туыстығын растау;
  3. Өтініш берушінің (3 тармақшада көрсетілген тұлғаларының І санат тобы үшін) Заңның 67 бабы 1 тармағы) және зайып(-тары)ның (ІІІ топ өтініш берушілері үшін) жұмыс орнынан анықтама;
  4. Отбасы мүшелерінде мүгедектігі немесе кейбір созылмалы аурудың ауыр түрлері бар екенін растайтын анықтама;
  5. Тұрғын үйдің техникалық жағдайы туралы шарты (ІІІ топтың өтініш берушілері үшін);
  6. Жылжымайтын мүлікке үлесін растайтын құжат;
  7. Жылжымайтын мүлікке үлес құқығын растайтын құжат
  8. Жергілікті атқарушы органнан құлайын деп тұрған (опырылу) балшық және қаңқасы қамыстан жасалған түрдегі тұрғын үйлердің апатты жағдайын растайтын анықтама;
  9. Балалар үйінен анықтама немесе ата-анасының өлімі туралы куәліктер;
  10. Оралман куәлігі;
  11. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, экологиялық апаттардың нәтижесінде тұрғын үйден айрылғанын растау;
  12. Отбасында 4 немесе одан көп балалардың болуын растау.

Қызмет көрсету нәтижесі

Тұрғын үйді үлестіру туралы ескерту немесе бас тарту туралы ескерту.