Тұрғын үйге кезекке қою

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің кезегіңіз келгенде келіп түсетін, өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама не ұялы телефонға sms-хабарлама немесе мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.