Тұрғын үй сертификаттарын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 4 жұмыс күні ішінде;

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінде - 3 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Тұрғын үй сертификаттарын беру

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. Өтініш.
  2. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі).
  3. Соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына)).
  4. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама.
  5. Қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс.

Қызмет көрсету нәтижесі

Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе негіздер бойынша дәлелді бас тарту.