Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 минут

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде - 1 жұмыс күні

Анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде - 30 жұмыс күніне дейін

ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды

Қызметтің толық атауы
Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді беру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу ( ЭЦҚ талап етілмейді).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызмет көрсету нәтижесі

Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметті көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.