Спорттық атақтар мен санаттар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

20 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

Қызметті онлайн алу жолы

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭСҚ-мен (электронды сандық қолтаңба) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметті алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Нысан бойынша ұсыныс.
  4. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы басшысының мөрімен және қолымен расталған жарыстардың хаттамалары.
  5. 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.

"Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Нысан бойынша ұсыныс.
  4. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы басшысының мөрімен және қолымен расталған жарыстардың хаттамалары.
  5. 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: 

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат.
  4. Жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек атынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірмесін, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама.
  5. Нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы.
  6. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы басшысының мөрімен және қолымен расталған жарыстардың хаттамалары немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) құрамының тізімі).

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты.
  4. Кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат.
  5. Жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама.
  6. Әдістемелік әзірлеме.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат.
  4. Жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттың анықтамасы.
  5. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен куәландырылған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат.

Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Нысан бойынша ұсыным.
  4. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама.
  5. Төрешілік туралы анықтама немесе көрсетілетін қызметті алушының төрешілігін растайтын жарыстардың хаттамасы.
  6. 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық атақ беру туралы куәлік немесе біліктілік санатын беру туралы куәлік және (немесе) тиісті омырауға тағатын белгі немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.