Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
"Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

11 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Барлық қажетті жолдарды толтырыңыз, құжаттарды тіркеңіз.
  3. Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат не нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жаңғыртады, содан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады).

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде).
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіштегі архивтік анықтама болып табылады, не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.