Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Кодекске сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша 

Қызмет көрсету мерзімі

Қызметті беруші - 5 жұмыс күні;

Портал - 3 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей:

  1. Өтініш.
  2. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін).
  3. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  4. Егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім.
  5. Егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы.
  6. Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін).
  7. Баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі (салыстыру үшін) не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы акті жазбасының көшірмесі.
  8. Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда қосымша ұсынылады:

  1. Ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі.

Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:

  1. Әкелікті анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтініш.
  2. Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Туу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.