Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

10 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының ҚР аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 жұмыс күні;

қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) - 1 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Браузерде алдын-ала авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін  таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
  4. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
  5. Өтінішті толтырыңыз және өз  ЭЦҚ қол қойыңыз.
  6. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  2. Шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі.
  3. Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсатты алуға өтініш.
  4. ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (хабарлама түскен сәттен бастап).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.