Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу жолы (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушының немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілетті өкілінің жеке тұлға құжатын ұсыну кезінде:

  1. Өтініш.
  2. Орындалған жұмыстар актісі.
  3. Әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп.
  4. Билеттерді сату бойынша есеп.
  5. Жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп.
  6. Маршрут (километр) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда, Тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп.
  7. Тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған жағдайда, автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар.
  8. Қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда, маршрут (километр) бойынша өткен жолға сүйеніп, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметтен алынған құжат.
  9. Қалалық маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын диспетчерлік қызметтің (бар болған жағдайда) құжаты.

Қызмет көрсету нәтижесі

Орындалған жұмыс актісінің қосымшасын қоса бере отырып субсидия тағайындау туралы хабарлама немесе субсидияны тағайындамау туралы хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.