Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
Жұмыспен қамту орталығы
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні.

Проактивті қызметті көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап 10 жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімдері Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

Қызметтің толық атауы
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Мүгедектерді ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, оларды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Мүгедектен сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектен сенімхат.

Еңбекке мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедектердің протездік-ортопедиялық көмек алуына өтініш берген кезде қосымша мәліметтер сұратылады:

  1. Өндірістегі мүгедектікке әкеп соққан жазатайым оқиға туралы.
  2. Кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
  3. Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, ОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы, мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы, жұмыс берушінің қызметін тоқтату туралы мәліметтер – тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны таратуды қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
  4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысы, мүгедегі немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адам куәлігін қоса береді.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.