Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

8 жұмыс күні;
Порталда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – 30 минут

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді. 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Онлайн қызмет ҚР азаматтарына зейнетақы жасына жетуі бойынша ұсынылады: әйелдер - 59 жас, ерлер - 63 жас.

 

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі)

  1. мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді;
  2. ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш;
  3. жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралман куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);
  4. неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (бар болса);
  5. өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттар:

өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар:

  • еңбек кітапшасы;
  • еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, архив мекемелерінің анықтамалары, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттардың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.

Болуына қарай сондай-ақ:

Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:

мынадай құжаттардың бірі (олардың болуына байланысты)):

 Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке алынады.

Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.

Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:

  • осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы (міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе);
  • міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.

Қосымша

Қамқоршылықты (қорғаншылықты) орнату жағдайында, белгілеуді дәлелдейтін қамқоршылық (қорғаншылық) құжаты.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынылғанда нотариус қазақ немесе орыс тілдеріне құжатты аудару дұрыстылығын куәландырады.

Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

Электрондық қызмет бойынша өз өтініміңіздің тағайындалуы/бас тарту туралы мәртебені қадағалау үшін - Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.