Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
 
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Қосымшаға сәйкес

Қызмет көрсету мерзімі

7 жұмыс  күні

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Жер учаскесінің жоспары және оның бұрышты бұрылыс нүктелері координаталарының ведомосі.
  4. Көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі (түбіртек).

Қызмет көрсету нәтижесі

Жобаланып отырған жер учаскесінің келісілген жоспары не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.