Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен баста - 20 жұмыс күні

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мен мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында өтінішті қарау мерзімін 20 жұмыс күніне дейін ұзартады.

Қызметтің толық атауы
Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу

Қызметті онлайн алу

  1. «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
  2. eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдіретін өзге тұлға жүгінген кезде:

  1. Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау туралы туралы өтініш.
  2. Зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар (түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) (куәлік немесе құқық беру туралы, оның ішінде лицензиялық шарт не Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме немесе халықаралық тіркеу бойынша тауар белгісінің құқықтық мәртебесі туралы анықтама (үзінді көшірме) немесе құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқықтарын растауға ұсына алатын басқа да құжаттар).
  3. Құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат.
  4. Зияткерлік меншік объектілері бар бірегей тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың айырым белгілерінің бейнелері.
  5. Зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін, оларға қатысты олардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған болып табылатын тауарлар деген болжам жасалған жағдайда – егер тауарлардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарлар болып табылмайтыны анықталса, құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның декларантқа және өзге тұлғаларға мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі.
  6. Өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты қоса беріледі.

Бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіретін өзге тұлға көрсетілетін қызметті берушіге зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың үлгілерін де өтінішке қоса беруге құқылы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен ресімделген авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы шешімін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізді жауап.