Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

60 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Кеменi жасауға арналған шарт.
  2. Кеме жасау ұйымының киль салу немесе тең бағалы құрылыс жұмыстарын жүргiзудi растайтын сарапшының қорытындысы туралы жазбаша растауы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.