Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондайақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
Қызмет құны

0,5 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні.

Куәлік жоғалған кезде «Телнұсқа» деген белгімен жаңа куәлік:

1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің куәлік берген тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.

Қызметтің толық атауы
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондайақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

«А», «В» және «Г» санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. «ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» мамандығы бойынша кәсіби даярлық
  3. туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист» біліктілігін растайтын дипломның
  4. көшірмесі; тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
  5. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;

«Б» және «Д» санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. «ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
  3. тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
  4. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
  5. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушының еңбек жолын растайтын құжат;

«Қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі» деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. «А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беретін санаттары бар тракторшы-машинист куәлігінің көшірмесі немесе «А», немесе «А1» немесе «В1» санаттарына рұқсаты бар жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
  3. тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
  4. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;

Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру үшін:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
  3. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
  4. тракторшы-машинистің ескі куәлігі;

Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу үшін:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың
  3. төленгенін растаушы құжат;
  4. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет.

Қызмет көрсету нәтижесі

Тракторшы-машинист куәлігін беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.