Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

20 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Күзет ұйымын құруға келісім үшін еркін нысанда өтініш.
  2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі.
  3. "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 3-тармағына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың көшірмелері.
  4. Объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім-хаты немесе қызмет көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауап.