Ағаш кесу және орман билетін беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Ағаш кесу және орман билетін беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар): 

   1. Өтініш.

Ескертпе:

Орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 587-бабына сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте, орман пайдаланудың түрлеріне және спецификалық ерекшеліктеріне байланысты олардың мөлшерін өлшеу: алаңы бойынша (гектармен), көлемі бойынша (қоймалық текше метрмен), салмағы бойынша (килограммен, центнермен және тоннамен), саны бойынша (данамен), жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру, немесе өтінішті қараудан дәлелді бас тарту.