Цифрлық білім беру
БАЛАЛАР. РОБОТОТЕХНИКА
Орта білім беруде бағдарламалау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

Цифрлық қоғамды құру үшін үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес білім беру жүйесін жаңарту қажет. Басты назар креативті және сыни ойлауды дамытуға, сондай-ақ оқу процесінде заманауи білім беру технологияларын пайдалануға аударылатын болады.

 

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру саласында халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2022 жылға дейін 83% -ға дейін арттырудың мақсатты индикаторы қарастырылған.

 
2020 жыл
80%
2021 жыл
81,5%
2022 жыл
83%

Цифрлық сауаттылық - адамның күнделікті және кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу білімі мен қабілеті. Бүгінгі таңда Қазақстандағы цифрлық сауаттылық деңгейі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 84,1% құрайды.


Цифрлық сауаттылықты арттыру шеңберінде оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты базасында жүргізіледі (Көбірек білу)

Цифрландыру әсерлері

3,7
млрд-қа мемлекеттік қызметтерді цифрландыру есебінен халықтың бюджеті қысқартылды
2
есе мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қысқартылды
3,4
электрондық журналдар мен күнделіктерге көшу есебінен үнемделді
6 353
он-лайн және 624 оф-лайн мектеп үш тілде жүзеге асырылған сандық білім беру ресурстарына қосылған
2468
грант 2020-2021 жылдарға «ақпараттық технологиялар» мамандығына бөлінді