Автомобильді қалай сатуға болады
Авто иеленушілер, Сіздің жеке автокөлігіңіз қандай да болмасын, ойыңызға жиі оны сату туралы ойлар келеді. Мақсатқа қаражаттың қажеттілігі, не жайлылықты жақсарту талпынысы, не жай ғана әртүрлілік үшін жатуы мүмкін. Алайда, кез-келген жағдайда, сатудан пайда алу, оның үстіне күшіңіз бен жүйкеңізді кетірмеу - әр әлеуетті сатушының қалауы. Автокөлік сатып алған немесе сатқан жағдайда жасалған мәміле туралы ұмытуға болатын тауар емес. Сатып алушының машинаны пайдалану қауіпсіздігі, Сіздің сатушы ретіндегі заңды «қауіпсіздігіңіз» – осыған ұмтылу қажет. Көлік сатып алушы нақты көлікті сатып алу шешімін рационалдық емес эмоциялық күйде қабылдап отырғанын есте сақтау керек. Маңызды әрі маңызды емес алдын-ала ескерілмеген қиындықтары туралы «темір досты» сату тақырыбында осы мақалада айтылады.
Шешім қабылданды немесе «авто сатуды қалай дайындау керек»?
Машина сату оңай емес деген фактіні ұғына отырып, бірінші оның күйіне байланысты бүгінгі күнгі құнын бағалау керек. сату құнын аздап көтермелеу үшін машинаны жөндеу немесе автоны қазіргі түрі мен техникалық қалпында сату - сіз үшін осының қайсысы тиімді болады екенін түсіну маңызды. «Машинаны жөндеу» түсінігі - ол біраз ақшаны косметикалық жөндеуге жұмсау керектігі мен автокөліктің сыртқы түрінің кемшіліктерін алып тастау екені ескеріледі.
Егер де сіз сатуды артық қаржы жұмсамай әрі жылдам жасағыңыз келсе, онда әлеуетті сатып алушыға өзіңіз біле тұра жақсы баға шегерімін жасауға мәжбүр боласыз. Бірақ, сақ болыңыз. Нарық талаптарына сай сіз сатуға дайын бағаның үстіне сауда жасау үшін бағаны 5-6% жоғары ұстауыңыз керек. Егер де автокөлікті сату үшін қосымша уақытыңыз бар болса, онда құнын шамалап 10%-ға көтеруіңізге болады.
Сатып алушылардың негізгі көпшілігі авто қорабындағы кішкене майысқан бөліктер, жасырын кемшіліктер, және де айтылғандай салонның тазалығына көңіл қояды. Егер де осының барлығын жойса, онда сіздің сатып алушыларыңызға машинаны қарау жағымды болады және мәміленің жүзеге асуына үлкен мүмкіндік туады. Машинаңызды оның керемет екендігі туралы әңгімелермен күштеп таңбаңыз, ол абайлатуы мүмкін. Тек қана сізден сұраған сұрақтарға нақты және түсінікті жауап беріңіз.
Клиент қашан да болса дұрыс істейді екенін есіңізде сақтаңыз. Егер де оның сұрақтары дұрыс болмай шектен шықса, шыдамдылық танытыңыз, өйткені сізге автоны сату қажет. Дауласпаңыз, көптеген адамдар өздерін техника мәселесінде үлкен маман ретінде санайды.
Дайындау бойынша практикалық кеңестер
Көлікті сатуға дайындау ақталмайтын шығысты білдіретінін ұмытпау керек. Мысалы, егер дайындау құны көліктің сатылу құнынан 30-40% құраса, сатудан бас тартқан жөн.
Автокөлікті сатуға дайындықты қозғалтқыш двигательден бастайсыз. Қозғалтқыш двигатель бір айналымнан жүруі үшін май мен жанармай беруін реттеп алыңыз. Түтіндеуді азайтатын және қуаттылығын жақсартатын отын құйыңыз. Сыртқы гүрілі мен тарсылын жоюға тырысыңыз.
Мотордың бөлшектері біріккен жерлерінде майдың болмашы іздерінің болуына рұқсат етіледі. Сырттан олар қозғалтқыш двигательдің булануы тәрізді көрінеді. Оларды ешбір жағдайда жуып тастамаңыз. Сатып алушы майдың қатты жылыстауы жоқ екеніне көзі жетуі керек. Бұл берілу қорабы мен ілме тораптарына бірдей қатысты.
От алдыру білтесін алып, тазалау керек, білтедегі саңылауларды 0,8 мм-ге дейін азайту керек. Қозғалтқыш двигательдің жұмысы осыдан серпіліссіз бір қалыпты болады. Автокөлікті сату алдында майын ауыстыру дұрыс болады. Егер де ол көмектеспесе, онда білтені ауыстыру қажет.
Егер де сіз трамблердің қақпағын су жұқтырмайтын препаратпен тазаласаңыз двигатель тез іске қосылады.
Сатып алушы сіздің автокөлігіңіздің батпақты және тот басқан салқындау жүйесін байқамау үшін кеңейтілген кішкентай бакты да тазалау керек.
Жетек белдіктердің сықырын жойыңыз.
Электржетекшіні тексеріп көріңіз, егер де ол дұрыс жұмыс істемесе, ақауларын жойыңыз.
Автокөлік салонын жылтыратып жуыңыз, салонның қапталған креслосының шаңын сорыңыз және тазалаңыз. Аспап-құралдар панелін жылтыратып сүртіп қойыңыз. Әлеуетті сатып алушы салоннан шыққысы келмейтіндей етіп, бәрін жасаңыз. Адамдар, әсіресе бастапқы автоәуесқой автокөлік дизайнын немесе әдемілігі мен қолайлығын ұнатып, техникалық жағына назар аудармауы мүмкін.
Жүксалғышты тәртіпке келтіріп, барлық артық заттарды алып тастаңыз да, оны тазалап қойыңыз.
Сатудан бұрын дайындау қораптың жөндеуін де көздейді. Өзіңіздің автокөлігіңізді тиімді сатқыңыз келсе, біраз шығындану керек болады. Тегістеу, бояу және тотты кетіру.
Автокөлікті сатудан бұрын бензиннің сапасына үнемдемеңіз. Автомашинаны тек қана сапалы бензинмен құюыңыз қажет.
Жалпы, өзіңіз үшін қалай жасағыңыз келсе, автокөлікті сатудан бұрын дайындықты солай жасаңыз.
Cатып алушыны қайдан табуға болады
Егер де сіз автокөлігіңіз үшін қалаған мөлшердегі қаражат алу мақсатымен сатуға аса асықпаған жағдайда автоны сатып алу-сатумен байланысты көптеген БАҚ -на хабарландыру беруіңіз орынды болып табылады. Көршілер мен таныстарыңыздың аузындағы жергілікті таралған автокөлік газеттерімен шектелмеуіңіз керек. Көптеген газеттер жарнамалық қызметтерді тек қана басып шығармайды, онымен бірге олардың хабарландыруды тегін құру мүмкіндігі мен жарнамалық қызметтерді беретін веб-сайттары бар болады.
Кең таралған газеттер тізімі:
- «Колеса»
- «Автомобилист»
Сіздің автокөлігіңізге тегін хабарландыру беру мен жарнамалық қызметтер беретін веб-сайттардың тізімі:
- www.kolesa.kz
- www.autokost.kz
- www.autolist.kz
- www.autostan.kz
- www.autokolesa.kz
- www.auto.kz
- www.idrive.kz
Сатып алушыларды іздеу үшін веб-сайттарды пайдаланудың артықшылығы бар, ондай жағдайда сізге автокөлік жөнінде барынша ұсақ жерлеріне дейін толық ақпарат беру мүмкіндігі ұсынылады. Осы ресурстарда потенциалды клиенттер туралы хабарландыру жүйесі бар. Хабарландыруға түсініктемелер туралы ақпаратты электрондық пошта хатына алуға болады.
Автокөлікті тез арада сату тек оны автонарыққа апарып, тауарды сол бетімен көрсетуге ғана болады. Автоны алып-сатарларға ең төмен бағаны ұсынады) немесе иесінің жеке қолына сату ма, өзіңіз шешіңіз. Бастысы, әр тауардың өзінің сатып алушысы болады.
Сатуды ресімдеу үшін жасалатын қадамдар
Автокөлікті сатудың заңдылық жағынан ең тиімді әдісі сатып алу-сату мәмілесін жасасу болып табылады. Автокөлік жылжымалы мүлік болғандықтан, оның меншік иеленушісі болу үшін ешқандай мемлекеттік тіркеудің керегі жоқ. “Бұл сонда қалай?! – деп көптеген жүргізушілер қарсылығын танытады. – Ал жол полициясына есепке алу ше?”.
Көлік құралын жол полициясы басқармасының есебіне қою меншік құқығын тіркеу дегенді білдірмейді. Бұл жай ғана көлік құралын жалпы қолданыс жолдарында пайдалануына рұқсат болып табылады. Автокөлікті сатып алып, айталық, онымен өз саяжай аумағында ешбір тіркеусіз жүруіне болады. Сондықтан сатушы мен сатып алушы сатып алу-сату шартын ешбір дәнекерсіз, комиссиялық дүкендер, нотариустың көмегіне жүгінбей өздері жасасуға құқылы.
Осындай түрді мәмілені ресімдеу үшін автокөлікті есептен алу дұрыс болады. Осыдан соң тараптар жазбаша түрде сатып алу-сату шартын екі данада жасайды. Сатушының меншік құқығы сатып алушыға шартқа қол қойылған сәттен бастап өтеді. Осындай шартты автокөлікті есептен шығармай-ақ жасасуға болады. Автөкөлік бағасын тараптар шарт жасасқан уақытта өздері белгілейді. Егер де дауды жағдай пайда болған кезде, сот шарттағы бағаны есептейтінін ескеру керек.
Сатып алу-сату шартында сонымен қатар сатушы мен сатып алушының паспорттық мәліметтері, көлік құралының толық мәліметтері көрсетіледі. Егер де сатып алушының немесе сатушының атынан сенімді тұлға әрекет етсе, оның мәліметтері мен сенімхат туралы мәліметтері де шартқа енгізіледі.
Алайда, барлық азаматтар заңды жағынан хабардар емес, сондықтан да шарт ресімдеу кезде нотариусқа жүгіну керек. Мәмілені ресімдеу сенімхатты ресімдеуге қарағанда көп уақыт алмайды. Шынында, нотариуске сенімхатты ресімдеуден екі есе төлеу керек, алайда сатып алушы мен сатушыға кепілдік артық болады. Сонымен қатар нотариустың қызметіне төленген үшін жұмсалған қаражат көлікті жол полициясында қайта ресімдеу кезінде қайтарылады. Сатып алушы тіркеу кезінде өз шартының данасын ұсынады және қандай да бір қосымша құжаттарды беру қажеттілігі талап етілмейді.
Тағы ескертетін жайт, автомобильді сенімхат арқылы сату мүмкіндігі. Ондай сатудың барын теріске шығармаймыз және автокөлік иелерінің кейбір бөлігі сатып алу-сатудың осындай түрін пайдаланады. Бірақ, осы операцияның күмәнді артықшылықтардың бар болуында кемшіліктері ерте ме, кеш пе, бәрібір сіздің артыңыздан қалмайды.
Әдетте осылай болады: сатып алушылар автокөлік сатып аларда, нотариуста жай ғана бас сенімхат ресімдейді және 15 минуттан кейін жасалған мәмілеге риза болып қуанады.
Көбісі сенімхатты беру және ақшаны алумен автокөліктерін сатты деп ойлайды, ал жаңа меншік иесі автокөлікті өзінің меншігі екендігін санайды. Алайда, іс жүзінде олай емес!
Мынадай жағдайды қараңыз: азаматтың қолында көлік құралын есептен шығаруға және оны сатуға сенімхаты бар. Аталмыш көлік құралын азамат меншігі ретінде және өз атына есепке қойғысы келеді. Сенімхаттың оған меншік құқығын бермейтінін, тек қана көлік құралын есептен алу мен сату құқығын иемденетінін ескере отырып, сатып алу-сату шартын өз-өзімен жасасуға болмайтындықтан, азамат оны өз-өзіне сата алмайды. Мәміленің осындай түрі аз дегенде екі жақты, яғни кем дегенде екі адамның қатысуымен жасалатын мәмілеге жатады.
Одан басқа, сенімхатты ресімдеген автокөлік сатушысының ойында болу керек нәрсе: ол меншік иесі болып қала берсе, көлік салығын төлеуге ол міндетті болады. Егер де оны сенімхат бойынша сатып алға адам істемесе, онда салық қызметкерлері шағымдарын меншіктің иесінің өзіне түсіреді, әрі машинаның сатылғаны жайындағы сөз көмектеспейді. Ал сатып алушының өзінде техникалық тексеріс кезінде де проблемалар болуы мүмкін, өйткені қызметті автокөлік иесінің атынан, оның жеке куәлігін (ЖСН) көрсетіп төлеу керек болады.
Көлік құралын (көлікті) сатып алу-сату келісім шарты ҚР Азаматтық Кодексінің (сатып алу-сату туралы жалпы ережесі) 406-444 бабымен реттеледі.
Есептен шығару туралы толығырақ
Есептен шығару рәсімі Жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімдеріне (Арнайы ХҚКО) шығаруға болады.
Есептен шығару үшін құжаттар тізімі
Есептен шығару үшін автокөлікті тіркеу бөлімшесіне ұсыну керек:
- Көлік құралын тіркеу актісі (есептен шығару) (бұл құжат Мемлекеттік корпорацияға ұсынылмайды).
- Жеке басты куәландыратын құжат.
- Техникалық құжат.
- Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген, оның ішінде кері әкету туралы міндеттемемен әкелінген көлік құралының МТНБ, КҚТК және (немесе) тіркеу құжаттары.
- Егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөртабаны болуы тиіс болса, осы ұйымның мөртабанымен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда), көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы заңды тұлғанының бұйрығы (өкімі).
-
Көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:
- кедендік ресімдеуден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) (салыстыра тексеру үшін түпнұсқасы);
- сот куәландырған орындалуы тиіс сот шешімінің, қаулысының, мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы;
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.
Есептен шығару мерзімі
Автокөлік есептен бір күн ішінде шығарылады.
Автокөлікті есептен шығару нәтижесінде сізге не беріледі
Автокөліктің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі қиылады да және оған мөрмен расталатын көлік құралын есептен шығару жағдайларына сәйкес жазба енгізіледі.
Көлік құралына жарамдылық мерзімі көрсетілген (10 тәулік, тағы тек бір рет 10 күнге ұзартылуына болады) «Транзит» нөмірлік белгілері беріледі. Транзиттік нөмірлік белгілер жол полициясы органдарында тіркеледі.
Басқа өңірде есептен шығару
Егер де автомобиль басқа өңірде есепте тұрса, оны есептен шығару үшін жол полициясы бөлімшесінің бастығының атына өтініш жазу және оны кеңседе тіркеу қажет. Есептен шығару осы көлік құралдарының тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқтығы туралы сұрау салулар орындалғаннан кейін, иелері туралы есепке алу деректері мен мәліметтер нақтыланған соң, сондай-ақ іздестірудегілердің тізімінде көлік құралдары деректерінің мемлекетаралық және республикалық деректер базалары бойынша сұрау салулар орындалғаннан кейін ғана жүргізіледі. Көлік құралын есептен шығару туралы шешім қабылданған соң бұл туралы ақпарат оның тіркелген жері бойынша тіркеу пунктіне жіберіледі. Осымен, есептен шығару рәсімдері 10-15 күнді құрайды.
Егер де сіз автокөлікті сатып алу-сату шарты бойынша сатуды ойласаңыз, онда есептен шығару рәсімдерін өтпеуіңізге болады.
Автокөлікті есептен шығару кезіндегі қамауға алу мен кепілдік
Есептен шығаруға кедергі меншік құқығын өзгерту бойынша тыйымдар немесе шектеулер бола алады. көлік құралдары тиісті тыйымдардың немесе шектеулердің жоқтығы туралы куәландыратын құжаттарды не осы көлік құралдарын иеліктен шығару және оларды өзге адамдардың меншігіне беру туралы соттың шешімі ұсынылғаннан кейін есептен шығарылады.
Банкте немесе басқа тұлғада кепіл ретіндегі автокөлік құралы көлік құралдарының тіркеу кітаптарында және басқа деректер базаларында кепіл туралы тиісті белгі бар болса есептен шығарыла алмайды.
Есептен шығару үшін кім жүгіне алады?
Көлікті көлік иесі немесе сенім хат негізінде оның өкілі есептен шығару тиіс. Сенім хатта есептен шығару туралы өкілдік айтылуы керек. Егер сенім білдіруші жеке тұлға болса сенім хат нотариус арқылы куәландырылу керек. Заңды тұлғаның сенім хаты оның мөрімен.
Егер көлік иесі 2 және одан да көп болса есептен көлік иесінің жазба келісімен немесе нотариуста куәландырылған сенім хатпен шығарылады.
Сатып алу-сату шартын ресімдеу туралы толығырақ
Автокөлікті алу сатып алу-сату шартымен ресімделеді. Заңнаманың оны нотариалды куәландыру қажеттілігін тікелей орнатпаса да, тәжірибеде Жол полиция органдары тіркеу үшін азаматтардан нотариалды шарттарды алады. Сонымен қатар сатушы мен сатып алушылар сатып алу- сату шартысыз арнайы ХҚКО инспекторында келісімнің жазбаша түрін (КЖТ) жасай алады.
Сатып алу-сату шартын ресімдеу үшін Жол полиция бөлімшесінен автокөліктің есепте тұруы және кепілде тұрмайтыны туралы анықтама алу қажет.
Оған қоса, сатушы мен сатып алушының жеке куәліктерімен (паспорттарымен), көлік құралын тіркеу туралы куәлігімен (техпаспорт) жеке өздері келуі қажет.
Егер де автокөлік неке уақытында сатып алынып, сыйға немесе мұрагерлікке алынбаған жағдайда, сатушы нотариуста жұбайының жеке куәландырылатын куәлк пен неке куәлігімен жеке келуін қамтамасыз етуі керек. Егер де сатып алушы некеде тұрған болса, онда ол да жұбайымен болуы керек. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы (33 бабы) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін (неке уақытында алынған) иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылатынын орнатады. Ерлі-зайыптылардың біреуі жасаған ортақ мүлкіне қатысты мәміле нотариуста қол қойылып, екінші жұбайының жазбаша келісімін талап етеді.
Жиі екінші жұбайын нотариуске алып келуін қаламайтындықтан бір немесе екі жақ неке жоқтығын айтады, ол жөнінде тиісті өтініш жазылады. Сонда да мәміле жасаушы екінші тарап солай еместігін біле тұра, уақыт үнемдеу мақсатында келіседі. Олай істеудің керегі жоқ. Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы (ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 33 бабы).
Автокөлік құны мен ол үшін төлем
Нотариус шартта тараптардың айтқан сату құнын көрсетеді. Кей жағдайларда тараптар келісім бойынша шартта іс жүзіндегі сай емес соманы көрсетеді. Ол салық төлегісі келмейтін сатушыға тиімді болады, бірақ сатып алушы мүдделеріне сәйкес келмейді. Соттық дау мен тексеру және кейіннен шартты бұзу кезінде шартта көрсетілген соманы қайтару туралы сөз болуы мүмкін. Автокөлік құны ресімдеу бойынша шығындарға әсер етпейді.
Мәміле ресімдеу үшін автокөлікті бағалау міндетті емес.Сатылған автокөлік үшін есеп айырысу нотариустың қатысуымен жүргізілуі қолайлы, дауды болдырмау үшін шарт мәтінінде белгі қойылады.
Автокөлікті сенімхат бойынша “сатып алу – сату”
Автокөлік сатудың кең таралған түрі сатып алушы атына басқару құқығы мен сатуына сенімхат беру болып табылады. Автокөлікті осындай жолмен сатып алу және сатуға бола ма? Қандай мәселелерге алып келуі мүмкін?
Әдетте бұндай "сату" былай жүреді. Сатушы нотариусте сатып алушының атына басқару құқығы мен сатуға сенімхат ресімдейді. Жол полициясында осы сенімхаттарды тіркеуден кейін (бұны осыларды ресімдеу кезінен бастап 10 күн ішінде істеу керек) сатып алушы өзін автокөліктің толық иесі ретінде санайды. Есеп айырысу сенімхат және автокөлік айырбасына жүргізіледі. Бұл ретте көбінесе ақша төлемі жөнінде ешқандай құжаттар жасалмайды.
"Сату" осы жерде тырнақшада көрсетілген, өйткені сенімхаттың өзі сатып алу-сату мәмілесі болып табылмайды.
Осы жол неліктен көп адамдарды тартады? Іс жүзінде, бұндай ресімдеудің айталық, бірнеше "артықшылары" бар:
- Төмен баға. Сенімхат құны сатып алу-сату шартына қарағанда біршама төмен.
- Жылдам. Нотариуске бару жарты сағаттан артық болмайды. Жол полициясында сенімхатты тіркеу де көп уақытты алмайды.
- Автокөлікті жаңа иесіне тіркеудің, тіркеу туралы куәлігін ауыстырудың, тіркеу нөмірлерін ауыстырудың қажеті жоқ.
- Ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімін талап етудің қажеті жоқ.
- Автокөлікті ұзақ емес мерзімге немесе кейін қайта сату мүмкіндігі.
Автокөлікті сенімхат бойынша сатып алу – сатудың кемшіліктері
Енді бірқатар көп болатын кемшіліктер жайлы. Оған қоса сатып алушы мен сатушы үшін жағымсыз сәттер бар.
Сатып алушыға автокөлікті сенімхат арқылы алудың керегі емес, өйткені:
- Ол автокөліктің меншік иесі болмайды, дегенмен автокөлікті басқару мен сатуға өкілеттк алады. Меншік иесі болып көлік құралының тіркеу куәлігінде көрсетілген тұлға болып қала береді. Егер де автокөлікті жаңа иесіне бергеннен кейін де пайда болса, аталған мүлікке оның қарыздары бойынша тыйым салуы мүмкін.
- Автокөліктің меншік иесі кез-келген уақытта тапсырған сенімхатын себебін ешкімге түсіндірмей бұзуға құқығы бар. Бұл автокөлікпен болатын түрлі алаяқтық схемаларында пайдаланылды.
- Әдетте автокөліктің сатып алынатын құны, және де автокөліктің тіпті сатылғандығы туралы еш жерде көрсетілмейді, сондықтан да дау мен автокөлікті қайтару жағдайында төленген ақшаны жоғалтып алу мүмкін (сатушыдан автокөліктің құны туралы қолхат алу қажет).
- Автокөлік сенімхат беруден бұрын кепілге алынған немесе оған тыйым салынған болуы мүмкін, сондықтан иесі кейін оны сата алмайтын болады (шынында, оны алдын-ала тескеріп алуға болады); ол айдап әкетілген ретінде саналуы мүмкін, тіпті машинаны алуға алып келеді.
- Автокөліктің меншік иесінің жұбайы әдетте сенімхатты берерде қатыспайды, демек кейін оны сатарда келісімі болмайды, нәтижесінде осы автокөлікті сіз сатарда жарамсыз деп танылатынына жағдай туғызады (егер де сенімхатты берерде сатуға жұбайының келісімін алса, бұл жағдайды болдырмауға болады).
- Сенімхаты бар иесінде ЖҚО кезінде келтірген залалды өтеп алуына құқығы болмайды. Бүлінген автокөлік – оның жеке меншігі емес, ал сотта істерді жүргізу үшін автокөлік иесінің атынан сенімхатты тағы алу қажет.
- Сенімхаттың максималды жарамдылық мерзімі - 3 жыл, ал егер де сенімхаттар қайта сенімхаттар арқылы берілген жағдайда - алғашқы сенімхаттың жарамдылық мерзімі аясында болады. Тым жиі жарамдылық мерзімі туралы ол біткенде ғана еске түсіріледі. Меншік иесін оның жаңадан сенімхаттар беруі үшін тіркеу куәлігі бойынша іздеу мәжбүр болады.
- Сенімхатты берген тұлғаның қайтыс болу жағдайында, оның жарамдылығы бітеді. Автокөліктің мұрагерлеріне хабарласу керек, және де олармен қосымша ақы төлеусіз келісе алатындығыңызға кепілдік жоқ.
Сатушыға автокөлікті сенімхат арқылы сату не төндіреді:
- Автокөлікті сенімхат арқылы берумен, ол меншік иесі болып қала береді, демек, көлік салығын төлеуге міндетті. Егер де оны сенімхат бойынша әрекет етіп отырған тұлға істемесе, онда салық органдары меншік иесіне шағымдарын түсіреді, және де машинаның сатылғандығы туралы сылтаулар көмек болмайды. Салық төлеу мерзімін кешіктіріп алсаңыз, өсімпұл есептелінетін болады.
- Автокөлік бұрынғы иесінің атына тіркелген болып қала береді. Мүмкін, меншік иесін автокөлікке байланысты әлдеқандай оқиғалар (ЖКО, криминал және т.б.) мазалайды. Сенімхаттың жарамдылық мерзімі бітерде, меншік иесіне автокөлікті қайта сенімхат жасасу мен оны өз атына тіркемеген сенімхат бойынша сатып алғандар ұзақ хабарласа беруі мүмкін.
Cоңғы өзгеріс: 07.09.2021