40.0.2214.91 нұсқасындағы Google Chrome браузерін пайдалану кезінде браузерді баптауды өткізу қажет
1 - нұсқа «NPAPI қосу»:
- Браузердің мекенжай бағанына chrome://flags/#enable-npapi мәтінді енгізіңіз.
- Көрсетілген тізімде «NPAPI қосу» бағанын табыңыз және осы функцияны қосыңыз.
- Браузерді қайта қосыңыз.
Осы нұсқаны пайдалану кезінде басқа да функцияларды пайдаланушымен өшіру/қосу мүмкіндігі бар, бұл браузердің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін. Бір пайдаланушымен таңдалған функция компьютерде браузердің барлық пайдаланушылары үшін қосылады. Пайдаланушыға осы функцияда жазылмаған функцияны өшіру/қосу рұқсат етілмейді.
2 - нұсқа «NPAPI плагиндерді бұғаттаусыз Google Chrome нұсқасын орнату»:
- 20 нұсқасынан кем емес және 41 нұсқадан көп емес Google Chrome орнатыңыз.
- Автоматты жаңартуды өшіріңіз. Ол үшін C:\Program Files (x86)\Google\Update папкасын жою қажет.
Google Chrome (41 нұсқасы және одан жоғары) соңғы нұсқасына өту кезінде алғашқысында (20 нұсқасынан кем емес) браузердің пайдаланушылық баптауын жою тәуекелі бар. Сондай-ақ, соңғы Google Chrome нұсқасы браузердің түзетусіз жүйелік қате болуы мүмкін екенін назарға алуыңыз керек .
Cоңғы өзгеріс: 30.04.2020