Шетелдік азаматтар ЖК/ЖШС қалай аша алады

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңның 6- бабына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тіркеуші органға тиісті құжаттары қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi.

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу белгіленген тәртіппен жүргізіледі.  Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

 - құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесінің көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

 - нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуы тиіс.

Тіркеуші органға бір мезгілде коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат не шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы міндетті түрде банктік шот ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде субъект Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің критерийлеріне сәйкес санатты өзі айқындайды және оны өтініште көрсетеді.

Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңның 40- бабына сәйкес Бизнес-көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады.

Cоңғы өзгеріс: 27.05.2022