Қазақстанда некені қалай тіркеуге болады

Некені тіркеу

Неке қию-адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Үйлену тойына дайындалумен қатар, болашақ жұбайларда некенің тіркелуін қалай дұрыс ресімдеу, қандай құжаттарды дайындау, қайда жүгіну және қандай нәтиже болатыны туралы сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауаптар осы материалда жинақталған.

Егер барлық материалды оқуға уақыт жұмсағыңыз келмесе, біз сізге мақаланың барлық негізгі сәттерін қамтитын қосымша кестені дайындадық.

Қайда жүгіну қажет

АХАТ (АХАЖ)

eGov.kz порталы – онлайн-қызмет

Кім өтініш бере алады

18 жасқа толған барлық жұптар

18 жасқа толған, алғаш рет некеге тұратын және балалары жоқ жұптар (ҚР азаматтары)

Талап етілетін құжаттар

– Өтініш;

– Өтініш берушлердің екеуігің де жеке куәлігі;

– Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек;

– Егер өтініш берушілердің біреуі қайта неке қияйын деп жатқан болса, некені бұзу туралы куәлік;

– Балалардың туу туралы куәлігі, бар болса;

– Шетелдіктер қосымша жеке басын куәландыратын құжаттарды және некеге құқық қабілеттілігі туралы (уәкілетті орган заңдастырылған немесе апостильденген) анықтаманы ұсынады.

ЭЦҚ болуы және порталда тіркелу;

Құжаттар талап етілмейді.

Қызмет құны

1 АЕК

(кез келген банктің кассасында төленеді)

1 АЕК

(онлайн режимінде кез келген банктің карточкасымен төленеді)

Тапсыру мерзімі

Тіркелген күнге дейін бір ай бұрын (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді)

Тіркелген күнге дейін бір ай бұрын (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді)

Нәтижесі

АХАТ-да белгіленген күні неке қию туралы куәлікті тапсыру

АХАТ-да белгіленген күні неке қию туралы куәлікті тапсыру

 

Кестеде қарапайым (оффлайн) және онлайн неке тіркеуге өтініш беру арасындағы айырмашылық көрсетілген. Енді әрбір тармақта толығырақ тоқталайық.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске сәйкес неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.

Некені тіркеу шарттары

Некеге тұратын еркек пен әйелдің толық келісімі және олардың неке жасына, яғни 18 жасқа жетуі қажет.

Келесі адамдар арасында неке қиюға жол берілмейді:

  1. бір жыныстағы адамдар;
  2. біреуі басқа некеде тұрған адамдар;
  3. жақын туыстары;
  4. бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар және олардың балалары;
  5. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға.

Қайда жүгіну қажет

Кодекске сәйкес, неке қиюды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар бірлескен жазбаша өтініш негізінде жүргізеді.

Болашақ ерлі-зайыптылар тіркеуші органға бірге келуі тиіс.

Тіркеуші орган – бұл азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган, қалың бұқара оны АХАТ немесе АХАЖ деп атайды.

Сонымен қатар, егер жұп алғаш рет некеге отырса және оларда балалары жоқ болса, онда олар электрондық үкімет порталының онлайн-қызметінің көмегімен некені тіркеуге электрондық өтініш жібере алады. Ол үшін өтініш берушілердің екеуінде де ЭЦҚ болуы және оларды  eGov.kz порталында тіркеу қажет. Бұл әдіс, мысалы, болашақ ерлі-зайыптылар бір қалада болмаса немесе басқа себеппен бірге АХАТ (АХАЖ)-ға келе алмайтын жағдайда ыңғайлы.

Талап етілетін құжаттар

Өтініш беру мерзімі

 

Неке қиюды тіркеу туралы куәлік

Некеге тұру туралы куәлік ерлі-зайыптыларға некеге тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркелген күні беріледі. Қажет болған жағдайда куәлік әрбір жұбайына берілуі мүмкін.

Куәлікті берудің нақты уақыты мен осы рәсімді салтанатты жағдайда өткізу шарты өтінішті берген сәтте алдын ала келісілетіні туралы айта кетейік.

Қазақстан азаматтарының шетелдіктермен некені тіркеу

Қазақстан азаматы мен шетелдіктің арасындағы некені тіркеу жалпы ережелер бойынша АХАТ-та не некеге тұруға тілек білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесінде жүргізіледі.

Шетелдіктермен некені тіркеу тәртібі жеке материалда егжей-тегжейлі сипатталған.

Неке қиюды тіркеуге онлайн өтініш беру туралы ары-қарай оқу

 

Cоңғы өзгеріс: 10.02.2021