Заңды тұлғаны онлайн қалай тіркеуге болады

Бұл мақалада біз заңды тұлғаны шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде онлайн-режимде қалай тіркеу керектігі туралы айтамыз.  Электрондық қызмет, ЗТ тіркеуден басқа, банк шотын ашу және қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасау мүмкіндігін қамтиды.

Егер бұрын өтініш берушіге заңды тұлғаны тіркеу керек болса, содан кейін банкке шот ашу үшін тіркеу туралы анықтаманы ұсыну, сондай-ақ міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтандыру компаниясына бару керек болса, енді қызметті жаңғыртудың арқасында осы қадамдардың барлығын үйден шықпай-ақ бір онлайн-өтінім бере отырып, бір ретте орындауға болады.

Төменде онлайн-қызметтің артықшылықтарын сипаттаумен қысқаша кесте берілген.

Бұрын қалай болды

Қазір қалай

ЗТ тіркеу

Қызмет көрсету орны

ХҚО немесе жергілікті әділет органына

Порталдағы Онлайн-қызмет eGov.kz

Қажетті құжаттар

1. өтініш;

2. жарғы;

3. құрылтай шарты;

4. ЗТ уәкілетті органының немесе ЗТ құру туралы құрылтайшының шешімі;

5. орналасқан жерін растайтын құжат;

6. мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.

Құжаттар қажет емес.

Өтініш және тармақтардың бөлігі онлайн толтырылады немесе электрондық түрде қоса беріледі. Мәліметтердің бір бөлігі МО ақпараттық жүйесінен тартылады.

ЗТ тіркеу бойынша Онлайн-қызмет ақы төлеуді талап етпейді.

Банкте шот ашу

Қызмет көрсету орны

Екінші деңгейдегі банк

Сол eGov.kz порталындағы онлайн-қызмет

Қажетті құжаттар

1. өтініш;

2. банктің толтырылған сауалнамасы;

3. басшының қол қою үлгілері бар құжат;

4. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ЗТ;

5. ЗТ туралы мәліметтері бар ақпараттық анықтамалар;

6. жарғы (түпнұсқа және көшірме);

7. құрылтайшылардың, меншік иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;

8. мем. лицензияның көшірмелері;

9. сенімхаттар және олардың көшірмелері.

Кем дегенде, эл. түрдегі банктің толтырылған сауалнамасын тіркеу қажет.

Келесі құжаттар болған жағдайда олардың скандарын қоса беруге болады:

1. банк пен клиент арасындағы шартқа қосылу туралы өтініш;

2. жарғы;

3. қол қою үлгілері;

4. бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді;

5. сенімхат.

Сақтандыру шартын жасау

Қызмет көрсету орны

Сақтандыру компаниясы

Сол eGov.kz порталындағы онлайн-қызмет

Қажетті құжаттар

1. сақтандыру үшін өтініш-сауалнама;

2. штат кестесі;

2. жарғы;

Онлайн-өтінімді толтырып, жарғы мен қызметкерлер тізімін бекіту қажет.

Барлық қызметтерді көрсетудің жалпы мерзімі

Кем дегенде 7-13 жұмыс күні

2 жұмыс күні

 

Онлайн-қызмет қалай жұмыс істейді

Қызметтің толық атауы - "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыруды ескере отырып олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу". Ол  eGov.kz порталындағы "Бизнесті тіркеу және дамыту" бөлімшесінде орналасқан. Оған өтіп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.

  1. Бірінші қадамда ұйымдық-құқықтық нысаныды белгілеп сіздің компанияңыздың толық және қысқа атауы бар өрістерді үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтыру қажет

Келесі ұйымдық-құқықтық формалардың бірі таңдалады:

  • Толық серіктестік;
  • Коммандиттік серіктестік;
  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  • Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
  • Өндірістік кооператив.

Бұдан әрі басшының ЖСН-ін, басшыны тағайындау туралы ЗТ уәкілетті органының шешімінің нөмірі мен күнін көрсетіңіз.

Құрылтайшылар туралы мәліметтерді көрсеткен кезде олардың ЖСН/БСН, аты-жөні/атауы бар жолдарды толтыру, сондай-ақ олардың салымының сомасы және оның жарғылық капиталдағы үлесі туралы ақпаратты ұсыну қажет. Содан кейін, ЗТ типтік жарғы бойынша әрекет етеді ма және ҚҚС төлеуші ретінде тіркеледі ма, соны белгілеу қажет болады.

Артынан, заңды мекен-жайын, байланыстарын және экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын және жұмыспен қамтылған адамдардың шамалап алынған санын көрсетіңіз.

Беттің соңында сіз осы өтінімнен бірден банкте шот ашқыңыз келе ме және сақтандыру шартын жасасқыңыз келетінін атап өтуге болады. Егер сіз оны оффлайнда өз бетінше жасауды жоспарласаңыз, онда тиісті тармақта белгі қоймаңыз.

  1. Келесі қадамда барлық енгізілген ақпаратты қайта қарау керек. Барлық мәліметтерді қателердің бар-жоғына мұқият тексеріңіз.
  2. Егер бірінші бетте банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, үшінші қадамда сізден осы рәсімді жүзеге асыру үшін барлық мәліметтер талап етіледі.

Тізімнен бір банкті таңдаңыз (Альфа-Банк, Қазақстан Халық Банкі, Fortebank немесе Jýsan Bank), оның филиалын және пайдаланылатын валютаны (теңге, доллар, евро) көрсетіңіз.

Шотты ашу үшін банктің толтырылған сауалнамасын қоса беріңіз, оның үлгісін ЕДБ таңдағаннан кейін бірден көшіріп алуға болады. Сауалнама міндетті құжат болып табылады.

Бұдан әрі сіз келесі тізімнен құжаттарды қоса бере аласыз, олар болған жағдайда:

  • Банк пен клиент арасындағы шартқа қосылу туралы өтініш;
  • Жарғы;
  • Қол қою үлгілері;
  • Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді;
  • Сенімхат (ЗТ сенімді өкілнен берілген жағдайда).

Көрсетілген құжаттардың қоса берген жақсы болар, бірақ міндетті емес.

  1. Келесі қадам сақтандыру шартын жасасуға өтінімді толтыруға арналған.

Сақтандыру компаниясын тізімнен таңдаңыз:

  • "Азия Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ;
  • "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ ;
  • "Халық-Life" АҚ.

Жылдық еңбекақы қоры туралы ақпаратты қамтитын қызметкерлер туралы мәліметтермен сауалнаманы толтырыңыз және сіздің кәсіпорныңызда еңбекті қорғау тақырыбына сауалнамада белгі қойыңыз.

Сақтандыру кезеңінің басталу күнін көрсетіңіз, компания жарғысымен қызметкерлердің тізімін бекітіп, сақтандыру шарттарымен келісетіні туралы тармақтарға белгі қойыңыз.

Осымен композиттік қызметтің өтінімін толтырудың кезеңі аяқталады, содан кейін құрылтайшылардан оны ЭЦҚ арқылы растау қажет болады. Осыдан кейін өтінімге өтініш берушінің өзі қол қояды және ол тіркеуші органға бекітуге жіберіледі.

Өтінімді өңдеуді күту мерзімі – 2 жұмыс күні. Сонымен қатар, заңды тұлғаны онлайн-тіркеу тегін, яғни мемлекеттік баж салығын төлеуді талап етпейді.

Cоңғы өзгеріс: 10.09.2020