Асырап алушы ата-ана мектебі не үшін қажет

Асырап алушы ата-ана мектебінің мақсаты - ата-ана болуға даярлау, бала асырап алуға, шарттарын түсіндіруге, тәртібі мен барлық қажетті іс-шараларды даярлануға көмек көрсету, тыңдаушыларға жаңа сәтті отбасын құру бойынша қажетті білім беру.

Асырап алушылар мектебі асыраушы ата-ана, қамқоршы, қорғаншы болғысы келетін, бала асырағысы келетін, сонымен қатар мұны жүзеге асырып қойған жандар үшін құрылған. Мектеп асырап алушы ата-ана болуға кандидаттарды даярлайды, тәрбиелеуге алынған балаларды тәрбиелеу мен дамуы мәселелері бойынша асырап алушы отбасыларға жәрдем көрсетеді, сонымен қатар заңдық көмек те көрсетеді. Потенциалды кандидаттарға бала асырап алу бойынша көмектесу үшін, осы немесе өзге де сұрақтар бойынша, асырап алушы ата-ана мектебінде семинарлар, тренингтер, дәрістер, үйретуші курстар мен тәжірибе сабақтары жүргізіледі.

Егер сіз тәрбиелеуге бала асырап алуға шешім қабылдасаңыз, онда мектеп түсінуге көмектеседі: 

  • сіз үшін едәуір қолайлы отбасының өміршеңдік формасы қайсы екенін;
  • қажетті құжаттарды қалай дайындау қажет;
  • асырап алу құпиясына қалай қарау керек: жасыру керек пе әлде мақтан тұтқан жөн бе;
  • баланың бейімделуіне қалай жәрдемдесу керек;
  • отбасыға баланы қабылдауда қалай көмектесу қажет;
  • баланың тәртібі түсініксіз болған жағдайда не істеу қажет;
  • баланың дамуына генетикалық және әлеуметтік факторлар қалай әсер етеді және өзге де көптеген жайттар.

Асырап алушы ата-аналар мектептерінің байланыстары

Cоңғы өзгеріс: 21.09.2020