Екі елдің азаматтығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабына сәйкес басқа мемлекеттің азаматтығы танылмайды. Алайда ҚР азаматтары шетел мемлекетінің азаматтығын ҚР азаматтығынан шықпай тұрып алатын жағдайлар да ұшырасады және осы арқылы заңсыз қос азаматтыққа ие болады. Екінші азаматтықты алудың негізгі себебі еркін қозғалу тілегі ғана емес, сонымен қатар белгілі бір материалдық пайдаларды алу (мысалы, зейнетақылық есеп айырысу, екінші бала туғандағы жәрдемақы).

Басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдамас бұрын ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан шығу керек. Азамат күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе  жеке куәлігін тапсыруға міндетті. «ҚР азаматтығынан шығу» мақаласында азаматтықтан шығу туралы біле аласыз (ҚР азаматтығы туралы Заңының 30-бабы).

Қазақстандық азаматтықты қабылдауда сұраныс берушіге егер ол басқа мемлекеттердің азаматтығында болса «Азаматтық туралы» Заңның 17-бабының 7-тармақшасына сәйкес бас тартылатын болады, бірақ аталған ереже төмендегілерге қолданылмайды:

  • кәмелетке толмағандар;
  • еңбекке жарамсыздар;
  • Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі бар адамдар немесе Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тізімге сәйкес және оның отбасы мүшелері;
  • Қазақстан аумағынан кеткен адамдар және олардың ұрпақтары егер олар Қазақстан Республикасына тарихи Отанына тұрақты тұру үшін келсе.

ҚР азаматтығын қабылдау үшін жоғарыда көрсетілген адамдар шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы өтінішпен ішкі істер органдарына жазбаша өтініш беруі тиіс. Қазақстандық азаматтыққа қабылданған жағдайда, азаматтықа қабылданған күннен кейін   күнтізбелік отыз күн ішінде  азаматтар ұлттық паспортын бұрынғы азаматтығы елдің уәкілетті органына тапсыру қажет.

Көптеген азаматтар белгіленген ережелерді елемейді және әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып  шетел мемлекетінің азаматтығымен шетел мемлекетінің азаматтығымен бірге қазақстандық азаматтықты да сақтайды. Алайда ішкі істер органдары тексерістер жүргізеді және қос азаматтық анықталған жағдайда осы адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуын тіркейді. Егер азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаннан кейін де жеке басты куәландыратын құжаттарды пайдалануды жалғастырса, ол Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 496-бабының 1-тармақшасына сәйкес 100 АЕК мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.  

Егер сіз басқа мемлекеттің азаматтығында болсаңыз, онда сізге Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты бару қажет, осындай жағдайлар үшін тұру ықтияр хатын алу ұсынылады, алу ережелерімен келесі сілтеме бойынша өту арқылы таныса аласыз.

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдайды, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарға қорытындылар жасайды, азаматтық мәселелер бойынша өтініш өтініш білдірген азаматтар бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізеді, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолдайды және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмі туралы өтініш берушілерді хабардар етеді.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар, қабілеті жоқ және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесі және оларға қойылатын талаптарға сай келетiн адамдар және олардың отбасы мүшелерi шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішіне қоса болу елдің құзыретті органдарымен ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. нысан бойынша сауалнама-өтініш;
  2. өмiрбаян (өз қолымен жазылған);
  3. 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;
  4. өтініш берушінің жекебасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;
  6. апостильденген немесе заңдастырылған сотталғандығы болуы туралы анықтама;
  7. тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама;
  8. балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
  9. нысан бойынша көзделген шарттарды сақтау туралы өтініш-келісім;
  10. консулдық алымның төленгенi туралы құжат.

Көзделген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке өтініш берушінің бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе тізбеге сай келетін адамдар және олардың отбасы мүшелерi құжаттарға қоса Қазақстан Республикасының бейінді мемлекеттік органының қолдаухатын ұсынады.

Cоңғы өзгеріс: 24.09.2020