Техтексеріс орталығын қалай ашу керек

zsxdfg.jpg

2012 жылдан бастап техникалық тексерістен өту «жеке қолға» берілді. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға  техникалық жағдайға көлік құралдарын тексеру бойынша жеке бизнес ашып, техникалық тексеріс бланкін бере алады. Бірақ осындай бизнесті ашуда мемлекеттен талап етілетін техникалық жабдықтың талаптарын сақтау, сондай-ақ көлік құралдарына қызмет көрсету талаптарын сақтау қажет.

Техникалық тексеріс орталығы стационарлық, сондай-ақ әкімдікте бекітілген кесте бойынша көлік құралдарына тексеруді жүзеге асыратын мобильдік те болуы мүмкін. Өз көлігінің жүргізушісі немесе сенім білдірілген адам тұру орны немесе тіркелуін ескерместен, бірақ санатына сәйкес кез келген орталықта техникалық тексерістен өте алады.

Көлік құралдарының техникалық тексерісіндегі ерекше жағдайлар

Жеке және заңды тұлғалардың автокөліктері Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа тиісті көлік құралдарын қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары және өкілдіктері техникалық тексерісті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіндегі дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс бойынша ұйымдар арқылы техтекстерістің жеке орталықтарында өтеді.

Әскери жағдайды немесе мобилизацияны жариялағанда, әскерді әскери дайындықтың жоғары деңгейіне ауыстыруда көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруді әскери басқарманың жергілікті органдарынді әскери басқарманың жергілікті органдарының қатысуымен техникалық тексеріс операторлары жүргізеді.

Техникалық қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік тізілімі

Тiзiлiмге енгізу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заңы) 46-бабында көзделген тәртіпте жеке кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның көлiктiк бақылау органдарына техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны туралы хабарламасын ұсынуын көздейді.

Техникалық тексеріс орталықтарының тізіліміне қосылу үшін келесі құжаттарды жүгіну қажет:

  1. мәлімдеме;
  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі – заңды тұлға үшін;
  3. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік – жеке кәсіпкер үшін;
  4. Техникалық жөндеудің стационарлық желісін ашқан жағдайда –жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы жазбамен  техникалық қарап тексеру операторының жылжымайтын мүлкіне меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін;
  5. Жасаушы-зауытпен берілетін сынақ жабдығына және өлшеу құралдарына арналған, бастапқы тексеру мерзімін көрсетілген  паспорттардың көшірмелері және (немесе)  салыстыру үшін тұпнұсқаларын беріле отырып, өлшеу құралдарын өлшеп тексеру  және сынақ жабдығын аттестаттау жүргізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін.  Түпнұсқалар салыстырып тексергеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады; 
  6. Техникалық қарап тексеру орталығын ұйымдастыру үшін өтініш берушімен ұсынылатын сынақ жабдығы және өлшеу құралдары туралы ақпаратты;
  7. Техникалық қарап тексеру орталығы аумағы  мен үй-жайының ҚР СТ 1811-2011 «Автомотокөлік құралдары» мемлекеттік стандартының талаптарына  сәйкестігі  туралы ақпаратты.   

Өтініш 3 жұмыс күн ішінде қаралады. Қарау нәтижелері бойынша  тізілімге енгізу туралы операторға жазбаша хабарлама немесе негізді бас тарту жіберіледі.
Техникалық тексерістер орталығының тізіліміне қосқаннан кейін оператор олардың санын көрсетумен міндетті техникалық тексерістен өту туралы куәліктердің бланкілерін беру туралы өтінішпен көліктік бақылау органына жүгінеді. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Осыдан кейін оператордың электронды мекенжайына бланкілерді беру туралы хабарлама келеді. Әрі қарай бланкілерді алу үшін бланк өнімін өткізу туралы бюджетке төлеу қажет.

Техникалық тексеріс операторларының тізілімінен шығару мыналар негізінде болуы мүмкін:

Техникалық тексеріс орталығының жұмысына талаптар

 

Cоңғы өзгеріс: 27.11.2020