Шетелден 1414 байланыс орталығына тегін қоңырау шалу туралы нұсқаулық

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары Интернет арқылы eGov 1414 Бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн-аудиожазба арқылы​ байланыса алады.

  1. Тегін 1414 нөміріне қоңырау шалу үшін порталдың басты бетінде төменгі оң жақ бұрышындағы «Виртуалды ассистент» виджетін басу керек.

  1. Қалқымалы терезеде тілді таңдап, құлаққап / қоңырау белгішесін басу керек.

- Оператормен байланысу үшін сізге микрофон және құлаққап қажет.

- Қоңырау кезінде операторға салмағы 20 мегабайттан аспайтын кез келген форматтағы файлдарды жібере алады.

1414 байланыс орталығы жұмыс күндері 9: 00-ден 21: 00-ге дейін және сенбіде 9: 00-ден 14: 00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбі - демалыс күні.

Cоңғы өзгеріс: 30.04.2020