Өсімдік шаруашылығымен айналысу үшін субсидиялар

 тұқым шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялау тәртібі мен шарттары Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау процесі толығымен автоматтандырылған және Qoldau.kz веб-порталда субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Тұқым шаруашылығы бойынша субсидиялар

Тұқым шаруашылығын дамыту және тұқымның қолжетімділігін арттыру үшін элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары (элиттұқымшарлар), тұқым өсіру шаруашылықтары (тұқымшарлар) және ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтері) үшін шығындарды ішінара өтеу жолымен ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сатып алу субсидияланады:

- элиттұқымшарлардың нақты сатып алған аудандастырылған және перспективалы сорттардың бірегей тұқымдарына (70%);

- тұқымшардың, ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарына (70%);

- ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) нақты сатып алынған бірінші репродукциялы тұқымдар және (немесе) екінші репродукциялы мақта тұқымдарына (50%);

- ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарының шығындары (50%);

- ауылшартауарынөндірушілер (ауылшаркооперативтері) нақты сатып алынған элиталық көшеттерге(50%).

Субсидиялар Қағидалардың 49, 50, 51, 52 және 53-тармақтарына сәйкес есептеледі. Субсидиялар нормативтері Қағидалардың 15-қосымшасында белгіленген.

Субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) беру ағымдағы жылдың немесе өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алынған тұқымдар бойынша жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.

Субсидиялар алу шарттары Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген.

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының субсидиялары

Отандық көшет шаруашылығын қолдау мақсатында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтары отырғызу материалын өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара (50%) өтеу жолымен субсидияланады.

Субсидиялар Қағидалардың 28-тармағына сәйкес есептеледі. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалын өндіруге арналған субсидиялар нормативі Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген.

Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.

Субсидиялар алу шарттары Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген.

Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау

Тыңайтқыштарды субсидиялау

Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау

Су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау

 

Cоңғы өзгеріс: 25.08.2021