Заңсыз тексерулер: қалай алдын алуға болады және қайда шағымдану керек?

180-150.pngБас прокуратура жылына екі рет ерекше тәртіп бойынша бизнес тексерулерін өткізу кестесін жасайды. Бұл ретте, сіздің компанияны тәуекел деңгейіне байланысты  әр түрлі кезеңде жарты жылда, жылына, үш жылда немесе бес жылда бір рет тексеруі мүмкін. Сіздің бизнесіңізді тексеру жиілігіне қандай факторлар әсер етеді, қандай жағдайларда тексеруге жол берілмейді және оған қалай шағымдануға болатын төменде сипатталған.

Бизнес тексерулердің қандай түрлері болады

• тәуекел деңгейін  бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша өткізілетін тексерулер (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты).

• жоспардан тыс тексеру (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатымен нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тексеру тағайындау үшін негіз болған нақты айғақтар және жағдайлар бойынша). Тізім КК 144 бап 3 тармақшасында келтірілген).

Тексерулер көлемі бойынша кешенді және тақырыптық болып бөлінеді.

Тексерулер туралы кез келген бизнесменге нені білу керек?

  1. Тексеруші тексерудің басында төмендегі құжаттарды ұсынуға міндетті:
  • сіздің облыстағы (қаладағы) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің басқармасында тіркеу туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актіні;
  • қызметтік куәлігін;
  • тексерілуге жататын талаптардың тармақтарын  көрсетумен тексеру парағын.
  1. Тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалардың тексеріс жүргізуге құқығы жоқ.   
  2. Тексеруді тағайындау туралы акт тексерілетін субъектіге тапсырылған күн – тексеру жүргізудің басталғаны деп есептеледі.
  3. Тексеріс кезеңі 30 жұмыс күнінен аспауы керек (мерзімі ҚР СК 629-бабымен реттемеленген салық тексерісін қоспағанда). Салықтық тексеруді өткізу кезіндегі жекелеген жағдайларды және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынаулар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуына байланысты, тексеру жүргізудің мерзімін бақылау және қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
  4. Сіз тексерістің заңдылығын Qamqor мобильдік қосымшасы арқылы немесе http://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/Services/Su адресі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Сіздің бизнесіңізді тексерудің заңдылығы» тарауына жүгіну арқылы тексере аласыз.
  5. Тексеріс аяқталғанда тексерушілер тексеру нәтижесі туралы актіні  екі данада жасап, біреуі сізге беріледі. Егер ескертулер немесе  қарсылықтарыңыз болса, сіз оны жазбаша түрде баяндай аласыз, ол өз кезегінде актіге қоса беріледі.

Тексеру барысындағы бизнесменнің құқықтары

Қандай тексеріс заңсыз деп табылады?

 «Qamqor» мобильді қосымшасы

 

Cоңғы өзгеріс: 24.09.2020