Телефон нөмірін ауыстыру жөніндегі нұсқаулық

Бүгінгі күні телефон нөмірін ауыстыру «Электрондық үкімет» порталы немесе Egov мобильдік қосымша арқылы мүмкін.

Телефон нөмірін ауыстыруды пайдаланушылар бұрын Жеке кабинетте өз нөмірін тіркегендер жасай алады. Егер Сіз әлі тіркемесеңіз, «Көмек» бөлімінде берілген нөмірді тіркеу бойынша нұсқаулықты пайдаланыңыз. Әйтпесе, осы рәсім Мобильді үкіметте тіркелу жөніндегі нұсқаулық ретінде аталады.

«Электронды үкімет» порталы арқылы телефон номерін ауыстыру.

  1. www.egov.kz сілтемесі бойынша порталға кіріңіз
  2. «Кіру» батырмасын басыңыз, бұдан әрі ЖСН мен порталда есеп жазбасынан парольді енгізіңіз немесе ЭЦҚ бойынша кіріңіз. (1-сурет)

1_44.jpg

1_45.jpg

1-сурет

  1. «Жеке кабинет» батырмасы бойынша Жеке кабинетке кіріңіз. (2-сурет)

2_28.jpg

2-сурет

  1. Жеке кабинетте «Телефон» бағанында редакциялау белгісін таңдаңыз. Ол бойынша басыңыз. (3-сурет)

3_29.jpg

3-сурет

  1. Жаңа телефон нөмірін көрсетіңіз, сондай-ақ кодтық сөзді енгізіңіз. «Сақтау» батырмасын басыңыз. (4-сурет)

4_20.jpg

4-сурет

 

  1. Жаңа көрсетілген нөмірге келген смс-код нөмірін ауыстыруды растаңыз. Бұдан әрі «Растау» батырмасын басыңыз. (5-сурет)

5_26.jpg

5-сурет

  1. Сіздің ЭЦҚ өтінімін жазыңыз. (6-сурет)

6_19.jpg

6-сурет

 

 

 Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы телефон нөмірін ауыстыру.

  1. EGov mobile мобильді қосымшасын ашыңыз.
  2. ЭЦҚ көмегімен қосымшада авторизацияланыңыз
  3. «Профиль» бөліміне, одан әрі «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.
  4. «Телефон нөмірі» алаңында оң жағынан «өзгерту» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде жаңа нөмірді енгізіңіз.
  5. Нөмірді ауыстыруды жаңа көрсетілген нөмірге келетін смс-кодпен растаңыз. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  6. Телефон нөмірін өзгерту үшін «жылдам қолжетімділік кодын», «Touch id» немесе «Face id» енгізіңіз.
  7. Сіздің телефон нөміріңіз ауыстырылды.

                                                                        

                                                                       

 

Cоңғы өзгеріс: 25.05.2021