Жеке куәліктегі ЭЦҚ-мен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен жұмыс істеу жөніндегі Нұсқаулық

2012 жылдың сәуір айының соңында жаңа жеке куәліктерге жеке тіркеу сертификаттарын жазуды жүзеге асыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бүгінгі күні жазылу қызметі Астана мен Алматының барлық ХҚКО-ларында және еліміздің ірі қалаларының бас ХҚКО-ларында көрсетіледі.

ЭЦҚ кілттерін жеке куәлікке орналастырудың артықшылығы оның жабық кілтті көшіру мүмкіндігінсіз қауіпсіз сақталуы болып табылады. Жеке куәлік жоғалған жағдайда ЭЦҚ құралдарын PIN-кодты білместен (банк картасына ұқсас) пайдалану мүмкін болмайды, бұл ретте кері қайтарып алуға өтініш беру арқылы тіркеу куәлігін әрдайым кері қайтарып алуға болады.

Жаңа үлгідегі жеке куәлікте банк карталарымен бірдей электронды чип бар. Осы чиптің жадының арнайы аймағына тіркеу сертификатын, яғни ЭЦҚ-ның жеке кілтін жазуға болады.

Ескерту. ЭЦҚ-ны тек жеке тұлға үшін ғана жазуға болады. Заңды тұлға үшін ЭЦҚ жеке куәлікке жазылмайды.

ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі куәлікке қалай жазуға болады?

Электрондық қызметтерді алу

 

Cоңғы өзгеріс: 21.12.2021