Салық мөлшерлемелері

Негізгі салықтар мен міндетті төлемдердің мөлшерлемелері

Салық және төлемдер түрлері

Мөлшерлеме

Негіз

КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ 

1

Салық салынатын табыстан ұсталатын КТС

20%

Салық кодексі 313-бабының 1-тармағы

2

Салық салынатын кірістен ұсталатын КТС:

  • салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялар мен бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерін қоспағанда;
  • жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялар мен бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелері.
20%

Салық кодексі 313-бабының 1-1-тармағы

Салық кодексі 223-бабының 4) және 5) тармақшалары

3

Заңды тұлғалардың- ауыл шаруашылық өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілердің  ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу,  жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ мұндай қайта өңдеу өнімдерінен алынған салық салынатын табысынан ұсталатын КТС  

10%

Салық кодексі 313-бабының 2-тармағы

4

Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістерін қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын КТС

15% Салық кодексі 313-бабының 3-тармағы

5

Салық кодексінің 644-бабының 1-тармағының 1) - 9)11) - 34) тармақшалырында айқындалған Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезиденттердің, осындай бейрезиденттердің  тұрақты мекемесімен байланысты емес, табысынан, сондай-ақ Салық кодексінің 646-бабының 1-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда Салық кодексінің 644-бабының 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген табыстардан ұсталатын КТС

20%

Салық кодексі 313-бабының 4-тармағы

Салық кодексі 646-бабының 1-тармағының 1)-тармағы

6

Бейрезиденттердiң табысынан сақтандыру тәуекелдер шарттары бойынша сақтандыру сыйақылар, құн өсімі, дивиденттер,  сыйақылар, роялти түріндегі табыстар бойынша төлем көзінен ұсталатын  КТС

15%

Салық кодексі 313-бабының 4-тармағы

Салық кодексі 646-бабының 1-тармағының 2) және 5) тармақшалары

7

Бейрезиденттердiң табысынан тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары және халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар   бойынша төлем көзінен ұсталатын  КПН

5%

Салық кодексі 313-бабының 4-тармағы

Салық кодексі 646-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары

8

ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза табысынан  ұсталатын КТС

15%

Салық кодексі 313-бабының 5-тармағы

Салық кодексі 652-бабының 1-тармағы

9

Салық кодексінің 644-бабында белгіленген тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаның табыстарынан КТС

15%

Салық кодексі 313-бабының 4-тармағы

Салық кодексі 646-бабының 2-тармағы

10

Салық кодексінің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар шығарған акцияларды, Салық кодексінің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстардан, сондай-ақ Салық кодексінің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардан алынған дивидендтерден төлем көзінен ұсталатын КТС

5%​

Салық кодексі 646-бабының 3-тармағы

ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

1

Жеке тұлғалардың табыстарынан, соның ішінде шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын азаматтығы жоқ адамдардың табысынан төлем көзінен ЖТС

10%

Салық кодексі 320-бабының 1-тармағы

Салық кодексі 317-бабының 1-тармағы

2

ҚР көздерден алынған дивидендтер түрінде жеке тұлғалардың табыстарынан, оның ішінде шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын азаматтығы жоқ адамдардың табысынан төлем көзінен ЖТС

5%

Салық кодексі 320-бабының 2-тармағы

Салық кодексі 317-бабының 1-тармағы

3

Жеке тұлға-резидент өз бетімен салық салуға жататын табыстар бойынша ЖТС

10%

Салық кодексінің 320-бабы

Салық кодексі 317-бабының 2-тармағы

Салық кодексі 358-бабының 2-тармағы

4

Еңбек иммигранты-резиденттің табыстары бойынша ЖТС

10%

Салық кодексі 320-бабының 1-тармағы

Салық кодексі 360-бабының 4-тармағы

5

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС

10%

Салық кодексі 320-бабының 1-тармағы

Салық кодексі 365-бабының 2-тармағы

6

Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын жеке кәсіпкердің табыстары бойынша ЖТС

10%

Салық кодексі 320-бабының 1-тармағы

Салық кодексінің 366-бабы

7

Құн өсімі, дивиденттер,  сыйақылар, роялти табыстанынан басқа, жеке тұлға-бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ЖТС

20%

Салық кодексі 655-бабының 1-тармағы

Салық кодексі 646-бабының 1-тармағының 1-тармағы

8

Жеке тұлға-бейрезиденттердің құн өсімі, дивиденттер, сыйақылар, роялти табыстарынан ЖТС

15%

Салық кодексі 655-бабының 1-тармағы

Салық кодексі 646-бабының 1-тармағының 5-тармағы

9

Салық кодексінің 322-бабында айқындалған табыстарды қоса алғанда қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкемейтін заңды тұлға-бейрезидент Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан келесіден алынған (алынуға жататын) ЖТС:

  • жұмыс беруші болып табылатын осындай заңды тұлға-бейрезидентпен жасалған еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметінен;
  • осындай заңды тұлға-бейрезидентпен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметінен;
  • Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты осындай заңды тұлға-бейрезиденттен алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен;
  • осындай заңды тұлға-бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты төленетін үстемелер

10%

Салық кодексінің 320-бабы

Салық кодексі 656-бабының 3-тармағы

10

Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды

Салық кодексінің 646-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша

Салық кодексі 658-бабының 2-тармағы

11

БЖТ төлеушінің ЖТС құрайтын бірыңғай жиынтық төлем сомасынан:

  • 1 еселенген АЕК мөлшері* - республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада;
  • 0,5 еселенген АЕК мөлшері* - басқа елді мекендерде.
10% Салық кодексі 775-бабының 2 және 3-тармақтары

ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ

1

Салық  салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне ҚҚС 

12%

Салық кодексі 422-бабының 1-тармағы

2

Өткізу бойынша айналымдардағы ҚҚС:

  • экспортқа шығарылатын тауарларға;
  • халықаралық тасымалдау бойынша қызметтерге;
  • Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік әуе компанияларының әуе кемелерін ЖЖМ құйған кезде әуежайлармен жүзеге асырылатын;
  • ЕЭА аумағына тауарлар;
  • өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынға;
  • жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өзі өндірген тауарларға және тұрақсыз конденсатқа;
  • Салық кодексінің 393-бабында көзделген тауарларды өткізу айналым

0%

Салық кодексі 422-бабының 2-тармағы

ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ

1

Заңды тұлғалар есептейтін әлеуметтік салық.

Егер салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден 1 АЕК ** дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі осындай ең төменгі жалақы мөлшерінен шыға отырып, белгіленеді

9,5%

Салық кодексі 485-бабының 1-тармағы

2

Жеке кәсіпкерлермен және жеке практикамен айналысатын тұлғалармен есептелетін әлеуметтік салық, төмендегілер мұнда кірмейді:

  • салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтата тұру кезеңі;
  • оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын жеке кәсіпкерлер;
  • есепті салық кезеңінде табысты алмаған тұлғалар:
 

Салық кодексі 485-бабының 2-тармағы

өздері үшін

2 АЕК*

жұмыскер үшін

1 АЕК*

АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ

1

Патент негізінде:

  • патент құнына кіретін жеке табыс салығы

1%

Салық кодексі 686-бабының 2-тармағы

2

Оңайлатылған декларация негізінде:

1) ЖТС (КТС) - салық салу объектісіне 3% мөлшерінде есептелген салық сомасының 1/2 бөлігі;

2) әлеуметтік салық - әлеуметтік аударымдар сомасын шегергендегі салық салу объектiсiне 3% мөлшерiнде есептелген салық сомасының 1/2 бөлігі.

3%

Салық кодексі 687-бабының 1-тармағы

Салық кодексі 688-бабының 2-тармағы

3

Белгіленген шегерімді пайдаланумен АСР:

Таза табысқа арналған КТС және Салық кодексі 695-бабының 1-тармағында белгіленген салық салу объектісіне төлем көзінен ұсталатын КТС қоспағандағы КТС

20%

Салық кодексі 695-бабының 1-тармағы

Салық кодексі 313-бабының 1-тармағы

 

Салық кодексі 695-бабының 1-тармағында белгіленген салық салу объектісіне ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің аталған өнімін, сондай-ақ осындай қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың салық салынатын кірістерінен ұсталатын КТС

10%

Салық кодексі 695-бабының 1-тармағы

Салық кодексі 313-бабының 2-тармағы

 

Салық кодексінің 695-бабы 2-тармағында белгіленген салық салу объектісіне төлем көзінен ұсталатын ЖТС-ты қоспағанда, ЖТС

10%

Салық кодексі 695-бабының 2-тармағы

Салық кодексі 320-бабының 1-тармағы

4

Бөлшек салық АСР:

Салық кодексінің "КТС" 7-бөлімінде немесе "ЖТС" 8-бөлімінде белгіленген салық салу объектісіне төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС (ЖТС).

Шаруа немесе фермер шаруашылықтары үшін: бірыңғай жер салығы

3% Салық кодексі 696-бабының 3 және 4-тармақтары

5

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР

Салық кодексінің 703-бабында белгіленген салық салу объектісіне есептелетін бірыңғай жер салығы

0,5% Салық кодексінің 704-бабы

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ САЛЫҒЫ

1

Көлік құралдары салығы салық салу объектісіне байланысты есептеледі

АЕК-те белгіленген мөлшерлемелер бойынша* АЕК* мөлшерінен шыға отырып белгіленеді

Салық кодексінің 492-бабы

ЖЕР САЛЫҒЫ

1

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері:

  • дала және құрғақ дала аймақтарының жерлеріне;
  • шөлейтті, шөлейтті және тау бөктеріндегі шөлейтті аймақтардың жерлеріне.

Бір гектарға шаққанда және топырақтың сапасы бойынша сараланады. 

Бонитет балдарына тепе-тең белгіленеді.

Бір гектарға шаққанда және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

Салық кодексінің 503-бабы

2

Елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері

Бір шаршы метр ауданға есептегенде белгіленеді

Салық кодексінің 505-бабы

3

Басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлерді қоспағанда, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне және қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлерге базалық салық ставкалары

Бір гектарға есептегенде бонитет балына тепе-тең белгіленеді Салық кодексі 506-бабының 1 және 2-тармақтары
4

Елді мекендерден тыс орналасқан, қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін басқа жер пайдаланушыларға берілген жерге арналған базалық салық ставкалары

Бонитет балдарына тепе-тең белгіленеді

Салық кодексі 506-бабының 3-тармағы

Салық кодексінің 503-бабы

5

Елді мекендерден тыс орналасқан магистральдық темір жол бойындағы қорғаныштық орман екпелері алып жатқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне базалық салық ставкалары

Бонитет балдарына тепе-тең белгіленеді

Салық кодексі 506-бабының 4-тармағы

Салық кодексінің 503-бабы

6

Әуеайлақтар орналасқан елді мекен шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлерін қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) салық ставкалары

Бір шаршы метр ауданға есептегенде белгіленеді

Салық кодексі 507-бабының 1 және 2-тармақтары

Салық кодексінің 505-бабы

7

Аэродромдар иеленген елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салық мөлшерлемелері

Бір гектарға есептегенде бонитет балына тепе-тең белгіленеді.

Өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салынады

Салық кодексі 507-бабының 3-тармағы

Салық кодексінің 506-бабы

8

Аэродромдар иеленген жерлерді қоспағанда, әуежайлар иеленген елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салық мөлшерлемелері

Алаңның бір шаршы метріне есептегенде белгіленеді.

Елді мекендер жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салынады.

Салық кодексі 507-бабының 3-тармағы

Салық кодексінің 505-бабы

9

Ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын орман қоры мен су қорының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлеріне салық мөлшерлемелері

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық мөлшерлемелері бойынша салынады

Салық кодексі 508-бабының 1-тармағы

Салық кодексінің 503-бабы

10

Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан өзге мақсаттар үшін пайдалануға ұсынылған орман қоры мен су қорының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлеріне салық мөлшерлемелері

Бонитет балдарына тепе-тең белгіленеді.

Өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салынады

Салық кодексі 508-бабының 2-тармағы

Салық кодексінің 506-бабы

11

Автокөліктерге жанармай құю станциялары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген  елді мекендердің жерлеріне салық мөлшерлемелері

Елді мекендердің жерлеріне 10 есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелері бойынша салынады

Салық кодексі 521-бабының 1 және 3-тармақтары

Салық кодексінің 505-бабы кестесінің 3-бағаны

12

Казино орналасқан елді мекендердің жерлеріне салық мөлшерлемелері

Елді мекендердің жерлеріне 10 есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелері бойынша салынады

Салық кодексінің 509-бабының 2-тармағы

Салық кодексінің 505-бабы

МҮЛІК САЛЫҒЫ

1

Заңды тұлғалар есептейтін мүлік салығы

1,5%

Салық кодексі 521-бабының 1-тармағы

2

Оңайлатылған декларация негізінде АСР  қолданатын жеке кәсіпкерлер  және заңды тұлғалар есептейтін мүлік салығы  

0,5%

Салық кодексі 521-бабының 2-тармағы

3

Келесілермен есептелетін мүлік салығы:

1) Салық кодексінің 289-бабының 4-тармағында көрсетілген діни бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда коммерциялық емес ұйымдар;

2) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;  

5) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;

6) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар;

7) Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы және әуежайларының терминалдарындағы ұшу-қону жолақтарын қоспағанда, әуеайлақтардағы және әуежайлардың терминалдарындағы ұшу-қону жолақтары бойынша заңды тұлғалар.

9) олар негізгі қызмет түрін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілері бойынша технологиялық паркілер;

10) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.

0,1%

Салық кодексі 521-бабының 3-тармағы

4

Салық кодексінің 521-бабының 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген салық салу объектілері бойынша есептелетін мүлік салығы

1% Салық кодексі 521-бабының 4-тармағы

5

Келесілермен есептелетін мүлік салығы:

1) дербес білім беру ұйымдары;

2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар

0%

Салық кодексі 521-бабының 5-тармағы

6

Салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тізбеде белгіленген заңды тұлғалармен есептелетін мүлік салығы

Салық салу объектілерінің құнына қарай

Салық кодексі 521-бабының 6-тармағы

Салық кодексінің 531-бабы

ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР

1

ОСС жүйесінің қатысушылары үшін әлеуметтік аударымдар-әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен, бірақ 1 АЕК** - дан кемінде 3,5% және 7 АЕК-тен 3,5% - дан аспайды**

3,5% "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VI Заңы 14-бабының 1-тармағы, 15-бабының 1, 4 және 5-тармақтары
2

Жеке практикамен айналысатын адамдар, АСР қолданатын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтік аударымдар:

- өзі үшін-өздері дербес айқындайтын алынатын табыс сомасынан, бірақ 1 еселенген АЕК * * - дан 3,5% - дан кем емес және 7 еселенген АЕК-тен 3,5% - дан артық емес;

- жалдамалы жұмыскерлер үшін - Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстардан, бірақ 1 еселенген АЕК-тен** - тен кемінде 3,5% және 7 еселенген АЕК-тен 3,5% - дан аспайтын**

3,5% "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VI Заңы 14-бабының 1-тармағы, 15-бабының 2, 4 және 5-тармақтары
3

БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін-әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен:

  • Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - АЕК* 1 еселенген мөлшерінен аспайды;
  • Басқа елді мекендерде - АЕК* мөлшерінің 0,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді
20% "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VI  Заңы 14-бабының 2-тармағы, 15-бабының 3-тармағы

МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ

1

Зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыстан МЗЖ, бірақ ЕТЖМ-нің 50 еселенген мөлшерінен аспайды**. Бұл ретте жылдық жиынтық табыс 50 еселенген АЕК-тің 12 мөлшерінен аспауға тиіс**

10% "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 25-бабының 1-тармағы
2

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін МЗЖ

10% "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 25-бабының 2-тармағы
3

МЗЖ алатын табыстан өз пайдасына, бірақ жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер үшін 1 ЕТЖМ**-ден кем емес және ЕТЖМ** - нің 50 еселенген мөлшерінен жоғары емес мөлшерде беріледі

10% "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 25-бабының 4-тармағы
4

Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына АСР қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшін 1 ЕТЖМ**-ден бастап және 50 еселенген ЕТЖМ** - ден аспайтын МЗЖ

10% "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 25-бабының 4-тармағы
5

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалар алатын табыстан МЗЖ, бірақ 50 еселенген АЕК** - дан аспайды (Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда)

10% "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 25-бабының 4-1-тармағы және 74-бабының 2-2-тармағы
6

Өз пайдасына жасалатын табыстан есептелетін МЗЖ-ны, бірақ 1 ЕТЖМ** - ден кем емес және 50 еселік ЕТЖМ** - ден аспайтын мөлшерде ҚР азаматтары ала алады:

1-1) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кірістер алушылар;
2) ҚР-дағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, ҚР-да аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін;

3) ҚР аумағынан тыс жерде жұмыс істейтіндер.

10% "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 25-бабының 5-тармағы және 39-бабының 2-тармағы
7

БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына МЗЖ:

Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада-АЕК* 1 еселенген мөлшерінен аспайды;

Басқа елді мекендерде - АЕК* мөлшерінің 0,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді

30% "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 25-бабының 4-тармағы

МІНДЕТТІ КӘСІПТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ

1

Зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысынан МКЗЖ

5% "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы 26-бабының 1-тармағы

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА АУДАРЫМДАР МЕН ЖАРНАЛАР

1

Жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын аударымдарды есептеу объектісінен 10 еселік ЕТЖМ-ден аспайтын аударымдары**

2% "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы 27-бабының 1-тармағы, 29-бабының 3-тармағы
2

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ АҚШ шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын жарналарды есептеу объектісінен 10 еселік ЕТЖМ-ден аспайтын жарналары

2% "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы 28-бабының 1, 5-тармақтары, 29-бабының 1, 2, 3-тармақтары
3

Жарналарды есептеу объектісінен жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары ЕТЖМ-нің 1,4 еселенген мөлшерінде**

5% "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы 28-бабының 3, 5-тармақтары
4

Жарналарды есептеу объектісінен дербес төлеушілердің, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлердің 1 еселенген мөлшерінде жарналары

5% "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы 28-бабының 4, 6-тармақтары
5

Мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, 10 еселік ЕТЖМ-ден аспайтын жарналар**

1,6% "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы 26-бабының 2-тармағы, 29-бабының 3-тармағы
6

БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары:

республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - АЕК* 1 еселенген мөлшерінен аспайды;

Басқа елді мекендерде - АЕК* мөлшерінің 0,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді

40% "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы 28-бабының 4-1-тармағы

 

Мәлімет үшін:

* 2021 жылдың 1 сәуіріна айлық есептік көрсеткіш   = 2 917 теңге

* 2021 жылдың 1 қаңтарына ең төмен жалақы мөлшері   = 42 500 теңге

Cоңғы өзгеріс: 27.04.2021