Жеке куәліктегі ЭЦҚ-мен жұмыс істеу

Жаңа үлгідегі жеке куәлікте банктік карталармен бірдей электрондық чип бар. Бұл чиптің арнайы жадына ЭЦҚ тіркеу куәлігін жазуға болады.

Жеке куәлікте ЭЦҚ кілттерін орналастырудың артықшылығы жабық кілтті көшіру мүмкіндігінсіз оны қауіпсіз сақтау болып табылады. Жеке куәлік жоғалған жағдайда ЭЦҚ құралдарымен PIN-кодты (банктік картаға ұқсас) білмей пайдалана алмайсыз, бұл ретте кері қайтарып алуға өтініш бере отырып, тіркеу куәлігін әрдайым кері қайтарып алуға болады.

ҚР ҰКО сайтының басты бетінде ағымдағы сәтте берілген ЭЦҚ статистикасымен танысуға болады.

Жеке куәліктің электрондық чипі 4 саннан тұратын PIN-кодпен қорғалған. Осы PIN-код жеке куәлік берген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да белгіленеді.

PIN-кодты қалпына келтіру қажет болған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгіну қажет.

ЭЦҚ-ны жеке куәлікке қалай жазуға болады?

Smart Card Reader-лерді қай жерде сатып алуға болады?

Электрондық қызметтерді алу

Cоңғы өзгеріс: 30.09.2020