Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру
Көрсету
Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Медициналық ұйымдар
Қызмет құны
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Қызмет көрсету мерзімі
1 жұмыс күні
Қызметтің толық атауы
Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру
Медициналық ұйымдарда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
- Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап - тексеруді жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық қарап – тексеру нәтижелері.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін төлемді растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беріледі.