Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініш
  2. Бақылау-касса машинасы моделінің эталондық үлгісі.
  3. Дайындаушы зауыттың паспортыЮ
  4. Дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы.
  5. Қағаз және электрондық тасымалдағыштағы бақылау-касса машинасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
  6. Фискалды режим орнату, бақылау-касса машинасын қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есепті (Х-есеп) алу, сондай-ақ бақылау чегінде басып шығару үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабында көзделген ақпаратты енгізу кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адамының іс-қимылын егжей-тегжейлі сипаттап көрсететін қағаз және электронды тасымалдағыштағы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына арналған нұсқаулық.
  7. Дайындаушы зауыттың немесе оның заңды өкілінің бақылау-касса машинасы моделіне техникалық қолдау көрсету бойынша кепілдік міндеттемесі немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі.
  8. Дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының Қағидаларға қосымшаға сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер.
  9. Бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестік сертификатының немесе бақылау-касса машинасы моделінің белгіленген техникалық талаптарына сәйкестігін растайтын басқа құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды тасымалдағыштағы бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім.