«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтерін түзету

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтерін түзету

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу жолы

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімде көрсетілген барлық міндетті жолдарды толтыру.
  3. Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу

Құқықты белгілейтін құжаттардың тізілімі:

  • Сату-сатып алу шарты;
  • Сыйға беру шарты;
  • Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
  • Жекешелендіру туралы шарт;
  • Пайдалануға қабылдау актісі;
  • Жер учаскесіне акті;
  • Заңдастыру туралы шешім;
  • Сот шешімі;
  • Бұзу шарты;
  • Қабылдау және беру актісі;
  • Цессия шарты;
  • Жалға алу шарты;
  • Беру шарты;
  • Өсиетхат бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
  • Тіркеу кәлігі;
  • Кепіл шарты;
  • Қосымша келісім (сот және банктік).
  1. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  2. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

  • заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша;
  • жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.
  1. ЖМТ МДҚ-да жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтерін түзету бойынша қызметті алуға өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi.
  3. Құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (сондай-ақ бар болған жағдайда жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты және жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты).

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік корпорацияда - өтінімді орындау нәтижесі/дәлелді бас тарту туралы хабарлама, сондай-ақ ЭҮП есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркеген және қосылған жағдайда, өтінімді орындаудың аяқталғаны туралы sms-хабарлама.

Порталда - Көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-дағы жеке кабинетіне ЖМТ МДҚ-дан жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтеріне жүргізілген түзетулер туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық хабарлама келіп түседі, сондай-ақ ЭҮП есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркеген және қосылған жағдайда, өтінімді орындаудың аяқталғаны туралы sms-хабарлама.