Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ үлгілік болып табылмайтын жарғының неізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін 5 жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Мемлекеттік корпорацияда - қызмет берушінің орналасқан жері бойынша 5 жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей

Порталда - 5 күн

Қызметтің толық атауы
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу:

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Заңды тұлғаның ЭЦҚ өтініш/хабарламаға қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өтініш/хабарламаны келісу (заңды тұлғаның барлық құрылтайшыларының келісуі).
  4. Жеке кабинетте  («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) қызметтерді көрсету нәтижелерімен танысу.

Қызметті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. 1 және 2 нысан бойынша өтініш.
  2. Заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме.
  3. Заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні.
  • енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні.
  1. Акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары.
  2. Нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін аңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар болып, нотариалды куәландырылған жалға алу шарты және азаматтық заңнамамен көзделген басқа да құжат табылады.

Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар болып, нотариалды куәландырылған жалға алу шарты және азаматтық заңнамамен көзделген басқа да құжат табылады.

Егер де ғимараттың иесі өзі заңды тұлға болған жағдайда, орналасқан жерін растайтын құжаттар талап етілмейді.

Егер де ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның ғимаратты заңды тұлғаға орналасу жері ретінде бергені туралы нотариалды куәландырылған келісімі қажет.

Хабарламаға:

  • Заңды тұлға мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгірістер мен толықтырулардың мәтіні.
  • Акционерлік қоғамды, оның филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға үшін нақты орналасқан жерін растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы туралы анықтама, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.

Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы үлкен және орта кәсіпкерлік субьектісіне жататын жаңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе бас тарту туралы жауап жолданады.