Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру
Тегін
мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 минут;
мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған кезде - 1 жұмыс күні;
ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде - 30 жұмыс күні;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің мұрағаттарынан ақпараттар алу қажет болған жағдайда - 90 жұмыс күні.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және жіберу ( ЭЦҚ талап етілмейді).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке куәліктің түпнұсқасы.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.