Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу жолы

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭСҚ-мен (электронды сандық қолтаңба) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметті алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (Қажетті құжаттар):

Спортшы үшін​:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде - жеке тұлғаның (сенім білдірушінің) нотариуспен куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Дене шынықтыру және спорт саласында жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
  • тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
  • еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
  • жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
  • жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  • жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама.
  1. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі.

Жаттықтырушы үшін​:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде - жеке тұлғаның (сенім білдірушінің) нотариуспен куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Жаттықтырушылық жұмысының жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
  • тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
  • еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
  • жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
  • жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  • жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама.
  1. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама.
  2. Өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.