Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

20 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі - КҚК) конструкциясын бекіту үшін:

  1. Өтінім.

B (U) типті, С типті КҚК конструкциясы және уран гексафторидіне бекіту үшін:

  1. Физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы.
  2. Инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы.
  3. Жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт.
  4. КҚК-ны пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар.
  5. Егер КҚК 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы.
  6. Егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы.
  7. Көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы.
  8. КҚК құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне.
  9. КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады.

B (М) типті КҚК конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:

  1. Тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді.
  2. Көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді.
  3. Тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет.

Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында КҚК конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:

  1. Өтінім.
  2. Басқа елдің уәкілетті органы бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі.
  3. КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.